"Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ төрайымы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас педиатры, медицина ғылымдарының докторы Риза Боранбаева балалардағы пневмония белгілері қандай болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Балалардағы пневмония болған жағдайда интоксикация белгілерімен, дене қызуы көтеріледі. Егер бұл ЖРВИ немесе коронавирус болса, онда үш-бес күннен асатын температура бұл пневмония болуы мүмкін деген күдік тудырады. Яғни интоксикация, дене қызуы және тыныс алуда пайда болатын бұзылыстары: тыныс алу, жөтел және тағы басқасы. Жалпы, балалардың 0,4 пайызы ғана коронавирустан кейін пневмония жұқтырған. Бұл негізінен жасөспірім балалар", - деді Риза Боранбаева ОКҚ брифингінде.
Еске салайық, 26 мамырдағы жағдай бойынша, коронавирус белгілері бар пневмонияның 80 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Одан бөлек, 76 адам аурудан айығып шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 55024, 895 өлім жағдайы тіркелді, ал аурудан айыққандар саны 51 096-ға жетті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!