РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
01 февраля 2021 | 13:58

"Бағдаршам сияқты". Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері неге режим тез өзгеріп жатқанын түсіндірді

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz Фото Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов неге қалада коронавирусқа байланысты "қызыл", "сары", "жасыл" аймақ режимі өзгеріп отыратынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов неге қалада коронавирусқа байланысты "қызыл", "сары", "жасыл" аймақ режимі өзгеріп отыратынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте журналистер қаланың бас санитар дәрігерінен неге коронавирусқа байланысты "қызыл", "сары", "жасыл" аймақтар неге "бағдаршам сияқты" өзгере беретінін сұрады.

"Сіз айтып отырған "қызыл", "сары" бағдаршам сияқты болып кетті" деген ай сайынғы болып отырған вирустың репродуктив саны. Сол сан 1-ден төмен болса, біз "сары" аймаққа түсіп отырамыз. Оған қоса тағы бір көрсеткіш бар: бір аптада 100 мың адамның ішінде қанша адам ауырып қалды деген. Осы екі көрсеткішті қосқанда, матрицада "қызыл", "сары", "жасыл" аймақ пайда болады. Бүкіл әлемде сондай шешім бар. Әлемнің эпидемиологтары, дәрігерлері бірігіп шешкен нәрсе. Егер репродуктив сан 1-ден асып кетсе, яғни бір аптада ауырғандар саны 100-ден асса, онда "қызыл" аймаққа кіреді. Онда міндетті түрде арамыздағы әрі-бері жүріс-тұрысты, бір-бірімізбен қатынасымызды азайтуымыз керек. Ол дәлелденген нәрсе", - деді Тимур Мұратов.

Сондай-ақ, бас санитар дәрігер қалада мұндай режим сақталмаса, жағдай ушығып кетуі мүмкін екенін атап өтті.

"Жаңа жыл алдында, Жаңа жыл кезінде арамыздағы қарым-қатынас көбейіп еді, 15 қаңтардан бастап қаламызда күніне 230-дан аса вирус жұқтырған адам табылып, артынша стационарларға жүктеме өсіп, біз "қызыл" аймаққа кірдік. Ол жай "қызыл" аймақ деген сөз емес, жедел жәрдемге салмақ түсе бастайды, стационарда жатқан адамдардың, амбулаторияға келетін науқастардың саны көбейе бастайды. Соның бәрін есепке алған кезде кішігірім шектеу жасаған тиімді болады. Егер қазір біз жартылай шешіммен тоқтатпасақ, әрі қарай бара берсе, тіпті реттей алмайтын жағдайға жетуіміз мүмкін. Соны болдырмау үшін бас санитар дәрігер қаулы шығарып, тоқтатып отырады", - деп түсіндірді Тимур Мұратов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Айта кетейік, қазір Нұр-Сұлтан коронавирус жағдайы бойынша "сары" аймақта тұр.

Сонымен қатар, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордада коронавирус жұқтырғандар санының көбею себебін түсіндірген. Кейін Нұр-Сұлтан қаласында вакцина салғызудан бас тартқан медицина қызметкерлері бары айтылған

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети