РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
22 апреля 2021 | 15:56

Бағасы, алғашқы партиясы. Қазақстандық вакцина туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Бүгін қазақстандық вакцина партиясы өңірлерге жіберіле бастады. Жоспар бойынша, отандық екпе 25-27 сәуірде дайын болады делінген. Одан бөлек, былтыр Қазақстанда вакцина өндіруге кемінде үш жыл қажет екені айтылған болатын. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық вакцина туралы баяндайды.   


Бүгін қазақстандық вакцина партиясы өңірлерге жіберіле бастады. Жоспар бойынша, отандық екпе 25-27 сәуірде дайын болады делінген. Одан бөлек, былтыр Қазақстанда вакцина өндіруге кемінде үш жыл қажет екені айтылған болатын. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық вакцина туралы баяндайды.   

Алғаш коронавирусқа қарсы отандық вакцина туралы сөз былтыр наурызда қозғала бастаған. Елімізде COVID-19-ға қарсы вакцинаны дайындаумен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты мен Ұлттық биотехнология орталығы айналысты. Институттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен денсаулық сақтау саласында қауіпті инфекцияларға вакцина әзірлеу бойынша келісімшарты бар.

Бастапқыда қазақстандық вакцинаны Қазақстанда вакцина әзірлеуге 3 жыл кететіні айтылған болатын. Бұл туралы былтыр сәуірде денсаулық сақтау минстрлігі "Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының" бас директоры Арнұр Нұртаев мәлімдеген еді.

"Вакцинаны әзірлеу ұзақ уақыт алады. Яғни оны әзірлеп, тәжірибеден өткізуге үш жылдай кетеді. Бүгінде жұмыстар басталып кетті. (...) Біздің болжамымыз бойынша, үш жыл тек жұмыстардың аяқталуы мен тәжірибеге кетеді", - деген еді Арнұр Нұртаев. 

Фото: Әлихан Сариев

Осылайша, Қазақстанда 2020 жылдың 18 мамырында отандық вакцинаны сынақтан өткізу жұмыстары басталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдардың әзірлемесін тіркеуге алып, клиникаға дейінгі сынақтан өткізуге рұқсат берілген кандидаттық вакциналардың тізіміне қосып, өз сайтында жариялады.

Бастапқыда клиникалық сынақ жануарларға жүргізілді. Артынша клиникалық сынақтың үшінші кезеңі басталғанда бұл процеске еріктілер қосылды. Еріктілерге сыйақы ретінде 200 мың теңге беріледі деп шешілген, бірақ салық пен әлеуметтік төлемді ескере отырып сыйақы төлемі 160 мыңға қысқарды. Клиникалық сынақтың үшінші кезеңіне жалпы 3 мың адам қатысты.

Отандық вакцинаны алғаш 1 тамызда Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табыновқа салынды. Ол денсаулығын скринингтен өткізіп, дәрігердің қарауынан өткеннен кейін COVAX-19 вакцинасын салдырған. Екпе салғаннан кейін ол жағдайы жақсы екенін, елеулі жағымсыз құбылыстар анықталмағанын айтты.  

Қазақстандық вакцинаны дайындауға үш жыл қажет дегенімен, бүгін отандық екпенің алғашқы партиялары өңірлерге жіберіле бастады. Бұған дейін қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы 25-27 аралығында дайын болады деп жоспарланған. Бүгін Гвардейский зауытында коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы өңірлерге жөнелтілді. Олар Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы және Шымкентке жеткізіледі, сол жерден Қазақстанның басқа өңірлеріне шығады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.


Фото: Әлихан Сариев

Тоғжановтың сөзінше, зауытта орта есеппен айына 500 мың доза шығарылады. Бәрі кезең-кезеңімен жүргізіледі. Мамырда тағы 50 мың, содан кейін 100 мың, сосын 500 мың дозасын шығару жоспарланып отыр.

"Бұл өте күрделі нысан. Халықаралық талаптар, стандарттар бар. Ең алдымен, ғимараттың өзі тексеріледі, содан кейін барлық жабдық тексеріледі, одан ары 28 сәуірде жеткізілетін құю жабдықтары іске қосылады. Пайдалануға берілетін әрбір жабдық халықаралық стандарттар бойынша валидацияланады", - деді вице-премьер.

Алайда Қазақстандағы зауыт толық іске қосылғанша, қазақстандық вакцина Түркияда құйылады. Түрік елінде вакцина жоқ, бірақ үлкен өндіріс орындары бар. Сондықтан бұл мәселе бойынша алдын ала келісім жасалған екен.

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина өз елімізде жеткілікті болған кезде, оны шетелге де сатуға болады. Бұл туралы да бүгін вице-премьер айтқан болатын. Қазақстандықтар үшін вакцина тегін. Бірақ оны шетелге сату мүмкіндігі болған кезде - бір вакцинаның бағасы 4,7 доллар (шамамен 2030 теңге) деңгейінде болуы мүмкін.

Отандық QazVac вакцинасын қазақстандықтар 26 сәуірден бастап салдыра алады. QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы "СҚ-Фармация" хабтарына жөнелтілді. Енді олар еліміздің басқа өңірлеріндегі Денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына жеткізіледі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети