РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
31 марта 2020 | 12:00

Бағаны өзім тексердім - Көлгінов азық-түлік бағасы туралы

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов карантин кезінде азық-түлік бағасына мониторинг қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов карантин кезінде азық-түлік бағасына мониторинг қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлгінов тікелей эфирде қаладағы карантин шаралары, коронавирус жұқтырғандардың жағдайы және қала билігінің қолға алған шаралары туралы айтып берді. Әкім өзі дүкен аралап, бағаларды тексергенін айтты.

"Иә, біз мониторинг жүргізіп отырамыз. Бізде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация бар. Қор арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік алу үшін 1 миллиард 300 миллион теңге бөлдік. Импорт бойынша, қазір шекара жабық, қиындықтықтар болады. Нан туралы айтсақ, 6 мың тонна ұн сатып алдық. Көкөніске келсек, картоп, жуа, сәбіз және жармалар", - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, Алтай Көлгіновтің айтуынша, қазір әкімдік пен уәкілетті министрлік азық-түлік бағасының шекті бағасын белгілеген. Енді кімде-кім сол бағадан асырып сатса, жауапқа тартылады.

"Сондай-ақ қазір шекті бағаларды белгіледік. Қазір жаңа астық жинағанға дейін маусымаралық кезең өтіп жатыр. Шекті бағалар. Министрлік пен әкімдік белгілеген бағаларды кім көтерсе, кез келген базар, кез келген дүкен бағаны көтерсе, біз жауапқа тартамыз ", - деді қала басшысы.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурыздан бастап аталған екі қалада карантин режимі енгізілді.

Еске салайық, Қазақстанда 325 адам коронавирус жұқтырған. 21 адам адам айықты, екі адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети