Соңғы күндері Желіде қызу талқыланған спортшы Қуат Хамитов кеше бостандыққа шыққан. Бірақ бұл тергеудің аяқталғанын білдірмеуы мүмкін. Мұндай қылмыс жасады деген күдіктінің айыбы дәлелденсе, айыпты үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Думан Көпбаев айтты.
Соңғы күндері Желіде қызу талқыланған спортшы Қуат Хамитов кеше бостандыққа шыққан. Бірақ бұл тергеудің аяқталғанын білдірмеуы мүмкін. Мұндай қылмыс жасады деген күдіктінің айыбы дәлелденсе, айыпты үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Думан Көпбаев айтты.
Оның сөзінше, Қазақстанда әлеуметтік желілерде зорлыққа шақырған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылып қана қоймай, бас бостандығынан да айырылады. Ол бұл істің қалай өрбитінін айтып өтті.
"Қуат Хамитовті Қылмыстық кодекстің 272-бабы, 3-тармағы бойынша жауапқа тарту үшін біржақты және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандатуға нақты дәлелдер қажет. Екіншіден, сот-психологиялық-филологиялық сараптама тағайындауы керек, осы сараптаманың нәтижесінде қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады.
Бұл істі тергеудің бірнеше кезеңі бар. Біріншіден, қылмыстық іс бастау туралы шешім қабылданады. Осыдан кейін Сот сараптамасы институтына өтініш келіп, сот-психологиялық-филологиялық сараптама тағайындалады. Сот-медициналық сараптама бекітілген сараптамалық әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Содан кейін тергеу және сот тәжірибесінде психологтар мен саясаттанушылар жүргізетін сараптаманың қорытындылары тергеу айыптау актісіне және соттың үкіміне негіз болады", - дейді Думан Көпбаев.
Оның айтуынша, Қуат Хамитовтің кеше бостандыққа шығуы қылмыстық істің біткенін білдірмеуы мүмкін.
"Қуатқа қарсы алдын ала тергеу ісі басталды. Ол қаладан ешқайда кетпеу, өзін-өзі дұрыс ұстау секілді бұлтартпау шараларымен немесе кепілақымен шығуы мүмкін. Бірақ оған қатысты қылмыстық іс жүре беруі мүмкін. Мұның соңғы нүктесін енді сот сараптамасы қояды", - дейді заңгер.
Кеше Желіде Қуат Хамитовтің видеосы жарияланған. Онда спортшы бастапқы видеоны әзіл ретінде түсіргенін айтқан. Бірақ оның бұл сөзі қылмыстық істе көмектеспейді екен.
"Егер сараптама кінәлі екенін дәлелдесе, оның "әзілдегенмін" дегені көмектеспейді. Видеосы халыққа тарап кетті. Қылмыс фактісі тіркелді, видеода анық айтылды. Әзіл болсын-болмасын, қылмыстық тергеуден құтыла алмайсың. Маңыздысы, сенің айтқан сөзің видеода сақтаулы тұр", - деді Думан Көпбаев.
Заңгердің айтуынша, бұл бап бойынша Хамитовтің қылмысы расталса, онда 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады не шектеледі.
"Қуат алдағы уақытта да осындай арандатушылық посттар жарияласа, сараптама тағайындалып, олар да тексеріледі. Бірақ бізде "Екінші рет ондай жазба жарияламаймын" деп айтатындай нақты бір сипаттағы ескерту не қолхат жоқ. Әйтпесе, бұл адамның сөз бостандығы саналады. Біздің кодексте тағы да осындай арандатушылық жазба жарияланса, жазасы қатаңдайды деп жазылмаған. Әр жағдай бөлек сараланады", - дейді ол.
Еске салайық, Қуат Хамитов 15 қыркүйекте кеше дезинфекторларды ұрып-соғуға шақырған видеосы үшін ұсталған болатын.
"Бұл дерек ҚР ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Азамат Қуат Хамитов тиісті іс жүргізу әрекеттерін жүргізу үшін ДП-ға жеткізілді. Қылмыстық іс бойынша тергеу іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады. Азамат Хамитовтың іс-әрекетіне түбегейлі баға беріледі", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция өкілдері.
Кейін Ішкі істер министрлігі Хамитовтің жазбасы қылмыс екенін айтқан еді.