РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
11 июня 2021 | 17:08

Аймағамбетов шәкіртақы өсетінін мәлімдеді

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қыркүйектен бастап шәкіртақы қанша болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қыркүйектен бастап шәкіртақы қанша болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Асхат Аймағамбетов халық алдындағы есептік кездесуінде биыл шәкіртақының айтарлықтай өсетінін мәлімдеді.

"Биыл қыркүйек айынан бастап бакалавриат шәкіртақысының мөлшері 31 мың теңгеден сәл асады, магистратура шәкіртақысы 15 пайызға көтеріледі (76 мың теңге). Докторантура үшін тек соңғы 2 жылда шәкіртақы мөлшері шамамен 82 пайызға өсті, бірақ бұған қарамастан қыркүйек айында оның мөлшері бүгінгідей 150 мың емес, 172 мың теңге болады", - деді министр.

Сонымен қатар, Асхат Аймағамбетов гранттар саны да артатынын мәлімдеді.

"2025 жылға қарай гранттар саны көбейіп, 75 мың орынды құрайды деп жоспарланып отыр. Биыл гранттар саны тура 5 мың орынға көбейтіледі, яғни егер біз жыл сайын бакалавриатқа 51 мың грант бөлетін болсақ, онда биыл 56 мың орын болады", - деді Аймағамбетов.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети