РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
25 августа 2021 | 08:40

Аймағамбетов "Алтын белгіге" жұмсалатын 97 миллион теңге шығынды түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Жыл сайын мектеп түлектерінің "Алтын белгісі" үшін жұмсалатын қаражатты кім бөледі және бұл ақша шашу емес пе? Бұл сұрақтарға Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жыл сайын мектеп түлектерінің "Алтын белгісі" үшін жұмсалатын қаражатты кім бөледі және бұл ақша шашу емес пе? Бұл сұрақтарға Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, биыл "Алтын белгі" иегері атағына 9 738 мектеп бітіруші лайық деп танылды. Әр төсбелгіні жасауға шамамен 10 мың теңге жұмсалады.

Аймағамбетов бірінші кезекте бұл бұрыннан келе жатқан дәстүр екенін алға тартты.

"Мәселе мұнда біреуге беріліп отырған "Алтын белгі" емес. Бұл біздің мектептерді бітіріп, 11 жыл бойы жақсы оқып, өз аттестатын алып отырған балаларды қолдаудың бір тетігі деп білу керек, біріншіден. Екіншіден, әрине, сол баяғы Совет өкіметі кезінде "Алтын медаль" деген болды, содан келе жатқан дәстүр ғой. Сондықтан балаларды қолдау, оларға тиісті жағдай жасаудың түрі деп айтуға болады", - деді министр.

Оның айтуынша, 2018 жылдан бастап сол "Алтын белгі" иегерлеріне сол атақтан басқа ешқандай басымдық жоқ.

"Мұның алдында 2018 жылға дейін "Алтын белгі" иегері грантқа түсетін. Оған тегін грант міндетті түрде берілетін. Ал қазір ұпайы бірдей болса, "Алтын белгі" иегеріне басымдық берілетін ғана мәселе. Ол тек қана сол балаларды қолдаудың тетігінің бірі ғой. Бірақ қазір соның өзінде алдыңғы жылы бір шешім қабылдадық. Мысалы, мұның алдында "Алтын белгіні" бергенде мектептің өзі сол "Алтын белгі" үміткерлерінің қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізетін. Біз биыл бірінші қадамын жасадық - қазір "Алтын белгі" үміткерлерінің қорытынды емтихандарын енді облыстық білім басқармалары, аудандық білім бөлімдері қарайтын болды. Келесі кезеңі келесі жылдан бастап болады. Мұны енді тәуелсіз мекеме өткізеді", - деді ведомство басшысы. 

Білім министрінің сөзінше, осы "Алтын белгіге" үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтіліп жатыр. Енді олардың 10-11-сыныптың бағалары ғана емес, 5-сыныптан бастап келе жатқан бағалары ескеріледі екен. 

Сонымен қатар, министр бұл қаражат республикалық бюджет есебінен төленетінін мәлімдеді. 

Журналистің "Текке желге кеткен ақша дегенмен келісесіз бе?" деген сұрағына да ведомство басшысы жауап берді.

"Жоқ, келіспеймін, өйткені ол біздің азаматтар, біздің балалар ғой. Ол балаларға грант бермесе де, басқа ештеңе бермесе де осындай бір қолдау тетігі ретінде осындай "Алтын белгі" деген атақ беріліп отыр. Ол тек қана атақ", - деп жауап берді Аймағамбетов. 

Айта кетейік, мұндың алдында қоғам белсенділері төсбелгі сапасына қатысты пікір білдіріп, оған жұмсалатын шығын тым көбін алға тартқан. Мысалы, PhD доктор Аятжан Ахметжан "Алтын белгіні" оңды-солды тарату үрдіске айналғанын және кілең беске бітірген баланың білімі, сол медальға сай емес екенін мәлімдеген. 

"Күллі Қазақстаннан мың бала шықса мен көп дер едім. Бірақ, өкінішке қарай, бізде 10 мың бала шығады. Он мың бала гений болса, біз дамыған елдер қатарына кіріп кетпей не істеп жүрміз?! Мектеп "пачкамен" таратады. Абырой, атақ үшін. Мектеп те, бала да, ата-ана да атаққұмар!" - дейді Нұр-Сұлтан қаласы 90 гимназияның директоры Аятжан Ахметжан.

Ал блогер Дәулет Мұқаев оңды-солды төсбелгі тарату балаларды атаққұмарлыққа баулумен қатар, артық шығын екенін айтқан.

"Бір медаль құны бюджетке шамамен 10 мың теңгеге түседі. 9738 медальға бюджеттен 97 000 000 теңгеден астам ақша кетті деген сөз. Бұл сөзімді осы кезге дейін "Алтын белгі" алғандар растайды. Бюджеттен кетіп жатқан 100 миллионға жуық ақшаны басқа нәрсеге жаратуға болады. Мектеп оқушыларына аттестаттағы "Алтын белгі" деген жазу жетеді", - дейді Мұқаев.

Еске салайық, биыл Қазақстанда "Алтын белгі" алғандар саны жөнінен рекорд тіркелді. 2019 жылы төсбелгіні 7 349 оқушы, 2020 жылы 8 615 түлек иеленсе, биыл 9 738 мектеп бітіруші бұл атаққа лайық болған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети