ПОДЕЛИТЬСЯ
27 ноября 2023 | 13:45
"Айқайлап жылап жатты". Бір автобус адамды құтқарған 8-сынып оқушысы оқиға қалай болғанын айтып берді
Алматыда "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер қозғалысының жас қатысушысы Ақжол Нұрланұлына құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер қозғалысының жас қатысушысы Ақжол Нұрланұлына құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Бүгін 8-сынып оқушысы Ақжол Герой қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен "Ел қорғаны" медалімен марапатталды. Қас қағым сәтте батыл әрекетке барған батыр бала адам толы автобусты апаттан аман алып қалған. Оқиға 22 қарашада Өтеген батыр қалашығында болған еді. Ақжол Герой бұл жағдайды былай еске алды.
"Жеңгем екеуіміз емханаға барған едік. Сол жақтан қайтарда 219-автобусқа отырдық. Қайтып келе жатқанда кенет жүргізуші газды басқан күйі артқа қарай талып қалды. Оны ең бірінші жеңгем байқап қалып, маған 1бар" деді. Автобустың ішіндегі адамдар абыр-сабыр. Мен біреудің үйіне жақындап қалғанын көріп, лезде жүргізушінің аяғын газдан алып, тежегішті басып, қолтежегішті тарттым. Автобус өзінен-өзі өшіп қалды. Есігін ашып адамдарды сыртқа шығардым. Ішінде 25-ке тарта адам болды. Арасында кішкентай мектеп оқушылары мен үлкен кісілер бар. Айқайлап жылап жатты", - дейді батыр бала.
Ал болған жағдайды әлеуметтік желі арқылы білген Ақжолдың анасы алғаш естігенде аяқ-қолы дірілдеп кеткенін жеткізді. Жеті баланың анасы Гүлнұр Дәулетованың сөзінше, Ақжол бала кезден жауапкершілгі мол болып өскен.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Показать комментарии
Читайте также