ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ноября 2023 | 16:25
"Әйелім тастап кетті". Жалғызбасты әке аспаздықтың арқасында балаларын аяқтандырған
Қызылордалық Сайлау Серікбаев - жалғызбасты әке. Ол ширек ғасыр бұрын басталған аспаздық кәсібінің арқасында балаларын үйлендірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылордалық Сайлау Серікбаев - жалғызбасты әке. Ол ширек ғасыр бұрын басталған аспаздық кәсібінің арқасында балаларын үйлендірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Жасы 45-ке таяған Сайлау Серікбаевтың тағдыр жолында кедір-бұдыр көп болған. 19 жасында отау көтерген ол - бүгінде 4 баланың әкесі. Қыздарының алды тұрмысқа шығып, сәби сүйді.
"14 жыл отасқан келіншегім тура жолдан тайып, мені балалармен тастап кетті. Ол кезде үлкен қызым 13-те, ал кенжеміз 2,5 жаста еді. Тәрбиесі бұзылады деп балаларды интернатқа бермедім. Үлкендерді мектепке жіберіп, кішкентайымды жұмысқа ертіп апаратынмын. Бір айлық жетпейді. Амал жоқ, түнде немесе таңертең ертемен, балалар тәтті ұйқыда жатқанда көшеден бөтелке теріп келемін. Сосын ақшасына өткіземін", - деді жалғызбасты әке.
Ол әйелімен заңды түрде ажырасса да алимент дауламапты.
"Намысқа тырыстым", - дейді ол.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Показать комментарии
Читайте также