ПОДЕЛИТЬСЯ
10 апреля 2020 | 12:31
Әйелдер әскерге шақырылуы мүмкін бе?
ҚР Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары Серік Боранбаев арнайы жиынға әйелдер шақырылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары Серік Боранбаев арнайы жиынға әйелдер шақырылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Менің ойымша, қазіргі жағдайда бұл қандай міндет қойылғанына байланысты. Әкімдіктің оған құқығы бар. Мұнда шектеу жоқ деп ойлаймын. Қайталап өтейін, мұның барлығы әкімдіктің өкілеттігінде. Егер оларға тиісті мамандықтар бойынша әйелдер қажет болса, олар әскерге шақырылуы мүмкін", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Осыған дейін қорғаныс министрі қазақстандықтардың неге әскерге шақырылғанын түсіндіріп, олардың немен айналасытынын айтып берген.
2 сәуірде Қазақстан Президентінің әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы қаулысы жарияланды.
Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.
Показать комментарии
Читайте также