РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
24 мая 2021 | 16:04

Ауырып жүргенін біле тұра қыдыратындар бар - Якупбаева

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Коронавирус жұқтырғанын біле тұра қыдыратындар бар. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева онлайн-брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Коронавирус жұқтырғанын біле тұра қыдыратындар бар. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева онлайн-брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Якупбаеваның айтуынша, коронавирус жұқтырған адамның базада сараптама нәтижесі болмаса статусының "көк" болуы заңды.

"Ashyq - цифрлық база. Цифрлық базаны басқамен салыстыруға келмейді. Егер науқастың сараптамалары базаға енгізілмесе оны басқа базалармен салыстырудың керегі жоқ. Тіпті сараптама нәтижелері базада бар, ауырып жүргенін белетін адамдардың өзі қоғамдық орындарда қыдырып жүр және сол арқылы олардың карантин шараларын бұзғаны тіркеледі. Жыл басынан бері "қызыл" және "сары" статус шамамен 5 мың адамда анықталды", - деді Якупбаева.

Айта кетейік, егер статусы қызыл және сары адамдар Ashyq қатысушысының нысандарына баратын болса 30 АЕК (87 517 теңге) көлемінде айыппұл салынады. 

Ashyq - қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы COVID-19-ды бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.

"Қызыл" түс адам ПТР-тест тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статус иесі үйде оқшаулану режимін қатаң ұстануы керек.

"Сары" түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.

"Көк" түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.

"Жасыл" түс - жүріп-тұруға толығымен рұқсат береді.

QR-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Бір нысанға кіреберісте және шығаберісте ең кемі екі QR-код беріледі. Мекемеде бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберісте жеке QR-код болады.

Ashyq жүйесінде ақау неден шыққаны анықталды

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети