РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 июня 2020 | 14:00

"Ауылды жөндегеннен не пайда?". Депутат өзекті мәселені көтерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pikabu.ru Фото: pikabu.ru

Сенат депутаты Мұхтар Жұмағазиев "Ауыл - ел бесігі" арнайы жобасын сынады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат депутаты Мұхтар Жұмағазиев "Ауыл - ел бесігі" арнайы жобасын сынады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың пікірінше, аталған жобада маңызды мәселелер қамтылмаған.

"Біріншіден, "Ауыл - ел бесігі" жобасында барлық қажет сала қамтылмаған, жұмыстар нақтыланбаған. Арнайы жоба деп аталғанымен бір арнаға бағытталған, бір мақсатқа түйістірілген жоба жоқ. 2025 жылға дейін өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының ішіне бір бөлік болып кіріп кеткен", - деді ол сенаттың жалпы отырысында.

Мұхтар Жұмағазиев екіншіден, жобаның әкімшісі ұлттық экономика министрлігі бюджеттен бөлінген 30 миллиард теңгенің жұмысына ғана бақылау жүргізетінін жеткізді.

"Ауыл аймақтарды дамытуға қажет "Нұрлы жол", "Нұрлы жер", "Жұмыспен қамту", ҚР агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қамтылған шаралармен үйлесім жоқ. Аталған бағдарламалар әкімшілері мен жауапты мемлекеттік органдардың арасында байланыс өте төмен. Ауылдық елді мекендерді шынымен дамыту үшін нақты үйлестірілген, жүйелі жұмыстар тізімі көрінбеді", - дейді сенатор.

Депутаттың айтуынша, 2019 жылы "Ауыл - ел бесігі" жобасына 29,12 миллиард теңге жоспарланыпты. Алайда 520 инфрақұрылымдық жобаның ешқайсысы ауыл шаруашылығы өндірісімен байланыстырылмаған.

"Жаңа жұмыс орындарын ашуға қатысты шаралар қабылданбаған. Ауылдың жолын жөндеп, мектебін, ауруханасын реттеп, су мен газ беріп, әрлеп сырлағанымен жұмыс орындары болмаса, халықты, оның ішінде жастарды ауылда қалай тұрақтандыруға болады? Ауыл тұрғындары қалаға көшуін тоқтатпаса, ауылды жөндегеннен не пайда?", - деді Жұмағазиев.

Сонымен қатар, ол "ҚазАгро" холдингінің ақпаратына сүйеніп, нақты мысалдар келтірді.

"Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында іске асырылатын 2 451 жобаның басым бөлігі 400 мың теңге мен 2 миллион теңге аралығындағы ұсақ-түйек жобалар.Тіректі ауылдарды дамытуға мүмкіндік беретін, халықты жұмыспен қамтитын, жақын жатқан басқа да кішігірім елді мекендердің дамуын арқалай алатын іргелі жобалардың саны небәрі 24. Ал жобаға кірген 1 173 тіректі елді мекендерді қалай дамытуға болады?, - дейді сенатор.

Оның айтуынша, аталған жобаның аясында тек ауылдағы ғимараттар жөнделеді екен.

"Тізімге енгізілген 520 жобаның 193-іне тоқталайын. Ол бойынша түрлі ғимараттар ағымдағы жөндеуден өткізілген. Мысалы, Ақмола облысы Астраханька елді мекенінде 87 миллион теңгеге агротехникалық колледждің оқу ғимараты, Қарағанды облысы Ұлытау ауылында 104 миллион теңгеге стадион, Түркістан облысы Абай елді мекенінде 78 миллион теңгеге орталық стадион ағымдағы жөндеуден өткен", - дейді депутат.

Мұхтар Жұмағазиев аталған жоба "не үшін керек?" деген мәселені көтерді.

"Сонда қалай? "Ауыл - ел бесігі" арнайы жобасын ауылдағы ғимараттарды жөндеу үшін жасау керек пе? Ағымдағы жөндеуді неге жергілікті бюджеттің есебінен жүргізуге болмайды? Дәл осындай жауапкершілікпен "Ауыл - ел бесігі" жобасының басты мақсатына жетуіміз қиын болады", - дейді сенатор.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети