РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
22 июля 2020 | 16:37

Ауруханаға пневмониямен түсетін науқастар саны 2 есе азайды - Надыров

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: avestnik.kz Фото: avestnik.kz

Алматыда пневмонияға байланысты жағдай тұрақталды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда пневмонияға байланысты жағдай тұрақталды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус пандемиясы кезінде қалалық стационарларға пневмониямен науқастар түсіп жатыр. Осы жылдың басында 6 175 науқас жазылып шықты. Науқастар санының өсуі маусымда тіркелді. Ол карантин талабының жеңілдеуі, блок бекеттердің алынуымен байланысты болды. Қазіргі таңда жағдайдың тұрақталғаны байқалып отыр. Егер аурудың шарықтау шегінде пневмониямен ауруханаға түскен науқастардың саны тәулігіне 300 адам болса, қазір оның саны 2 есеге азайып, 130-дан аспайтын болды", - деді ол.

Айта кетейік, Алматыда 9 635 адам COVID-19 жұқтырды. 5 796 науқас дертінен айықты, 73 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 75 153-ке жетті. 46 790 науқас жазылды, 585 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети