РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 сентября 2020 | 10:36

"Аурухана, жедел жәрдем, ЭКО". Алексей Цой ел медицинасы қалай жақсаратынын айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдің медицина саласын қалай жақсартынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдің медицина саласын қалай жақсартынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылғы қазан айының соңында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында инфекциялық ауруларға байланысты екі көпбейінді ғылыми-зерттеу орталық салынады. Әрқайсында 500 төсек-орын болады. Бұл эпидемиологиялық қауіптерді уақытылы анықтауға, ғылыми-техникалық потенциалды шоғырландыруға және елдегі аймақтардың инфекциялық қауіпсіздігін сақтауда әлемдегі тәжірибені қолдануға мүмкіндік береді", - деді ол.

Сондай-ақ, министр ауылдағы жедел жәрдем көлігінің мәселесі қалай шешілетінін атап өтті.

"Мемлекет басшысы алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем жүйесін түгел қайта қарастыруды тапсырған. Министрлік 2021-2023 жылдарға арналған алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жоспарын әзірлейді. Оның ішінде ауылдық тұрғындарды жедел жәрдеммен қамтамасыз ету бар... Медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында шалғайдағы елді мекендер үшін 100 медициналық кешен - автобустар алынады. Отандық өндірістен 1167 медициналық-санитарлық көлік алынады", - деді Алексей Цой.

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арналған жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын бастауды тапсырған болатын. Министр тапсырманы орындап жатқанын айтты.

"Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 2021 жылдан бастап ЭКО жасау үшін квота саны 7 есе көбейеді", - деді министр Үкімет отырысында.

Тоқаев тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялаған еді.

Президент пандемияны жеңу үшін 2 жыл керегін, еліміздегі өңдеу өнеркәсібі саласын дамытуды, шенеуніктер санын қысқартуды, жер шетелдіктерге сатылмайтынын, жауапсыз несие беруді тоқтату керегін, мұғалімдердің жалақысы өсетінін, бала таба алмай жүрген отбасыларға көмек қалай көрсетілетінін, жемқорлықпен күрес қалай жүргізілетінін айтқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети