06 апреля 2019 | 12:26

Атом электр станциясы қауіп пе - Ғалымдар не дейді

Tengri TV журналистері атом электр станциясы деген не және оның қандай басымдықтары бар деген сұрақтарға жауап іздеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengri TV журналистері атом электр станциясы деген не және оның қандай басымдықтары бар деген сұрақтарға жауап іздеді.

Айта кетейік, Қазақстанда өз атом станциясы болған. Еліміздегі жалғыз АЭС Ақтау қаласында 1973-1999 жылдар аралығында болған. Қазіргі уақытта Қазақстанда атом энергиясын қолданылмайды, әйтсе де МАГАТЭ мәліметінше, еліміздің уран қоры 900 мың тонна деп бағаланып отыр.

Реклама
Реклама

Алайда бұдан кейін елімізде АЭС салу мәселесі жиі көтерілді. Мәселен, 2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің кездесуінде елімізде АЭС-ті жапон технологиясы бойынша салу туралы келісім болған. АЭС салу орны деп осыған дейін Ақтау, ШҚО-дағы Курчатов қаласы және Алматы облысындағы Үлкен ауылы аталып келеді.

Атом электр станциясы деген не?

Атом электр станциясы жайлы түсінігіміз болуы үшін, бірінші кезекте мұның біз күнделікті қолданатын электр энергиясын алудың бір жолы ғана екенін ұғып алуымыз қажет. Бүгінге дейін елімізде электр қуаты Жылу электр станциялары мен су электр станцияларынан алып келеді. Біз қолданып жүрген электр қуатының 90 пайызға жуығы жылу электр станциясынан алынған. Елімізде электр энергиясының 70 пайызы көмірден, 14 пайызы су электр станцияларынан, 10 пайызы газдан және 5 пайызы мұнайдан алынып отыр.

Алайда электр энергиясының жеткіліксіздігі қазірдің өзінде байқалады. Сондықтан Қазақстан электр энергиясын көрші елдерден импорттайды.

Енді біз бүгін тоқталып отырған электр өндірудің балама жолы - атом электр станциясына келсек, бұл - атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. Атом электрін алудың үш кезеңі бар. Біріншісі ураннан ядролық энергия алу, одан жылу энергиясына өту кезеңі, ал одан кейін механикалық энергияға өту жолы. Бу турбинаны қозғап, электр генераторын жұмысқа келтіреді.

Дүние жүзіндегі ең алғашқы АЭС 1954 жылы Обнинск (КСРО) қаласында салынды. Оның қуаты 5Мвт болды. Кейін Колдерохоллда (Англия) қуаты 60 Мвт, Шиппингпортта (Америка) АЭС-тары жұмыс істей бастады. Америкада тұтынуға қажетті барлық электр энергиясының 23 пайызын, Францияда 75 пайызын, Жапонияда 48 пайызын АЭС береді. Кейбір елдерде жедел нейтронмен жұмыс істейтін тиімді реакторлар іске қосылған.

АЭС-тің басты пайдасы не?

Оған ғалымдар мынадай себеп айтады: Алдағы 50 жылда адамзат тарихта осы күнге дейін қолданған энергиядан да көп қуат көзін талап етеді. Бұл барлық технологияның электр қуатымен жұмыс істеуге көшуіне байланысты болып отыр екен. Оған қазірдің өзінде елімізге жетіп жатқан электр көліктерін мысалға келтірсек жеткілікті.

Ресейдегі 10 АЭС-тің бірінде қызмет ететін ғалым Руслан Алыев сұхбаттарының бірінде энергия алудың осы жолын экологиялық ең таза әрі қауіпсіз деп атайды.  

"Бұл қате десеңіз, біздің АЭС территориясындағы қояндар мен түлкілерді, ұшып жүрген шағала жайлы не дейсіздер?", - дейді Алыев.

Осылайша ғалым атом электр станцияларындағы жағдайды авиациядағы жағдаймен салыстырады: болып жатқан апаттар жайлы барлығы естиді, дегенмен күнделікті көптеген рейс ұшырылады. Сонда да ұшақ ең қауіпсіз көлік түрі болып саналады.

АЭС-тен бас тартқан елдер

Дегенмен кейбір елдерде осы мәселеге қатысты қорқыныш әлі бар. Мысалы, Чернобыльде болған жағдайдан кейін Италия Атом электр станциясы құрылысына тыйым салған. Ал Фукусима апатынан кейін Жапония елдегі көптеген станцияның жұмысын тоқтатты. Германия да атомнан бас тартты.

Ал бірақ Ресей, Қытай, Франция, АҚШ елдері әлі күнге дейін Атом электр станцияларының құрылысын жалғастырып, оларды пайдалануға беріп жатыр. Ал Ұлыбританияда жаңа 20 энергетикалық блок салу жоспарланған, осылайша бұл ел жаппай электр мобильге көшу мәселесін қолға алып отыр.

Ал "Байтақ Болашақ" экологиялық альянсының төрағасы Азаматхан Әміртайдың айтуынша, біздің ел атом электр станциясын салуға дайын емес. Оған эколог мамандардың жоқтығын себеп дейді.

"Менің ойымнша, АЭС салуға қауқарымыз әзірше жетпейді. Бұл мәселені барлық қаупін және мүмкіндіктерін анықтап қана қолға алу керек", - дейді Азаматхан Әміртай.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуінде елімізде атом электр станциясын салу талқыланды. Онда Путин станцияны ресейлік технологиямен салуды ұсынды. Ертесі күні Қазақстан АЭС салуға шешім қабылдаған жағдайда Алматы облысында атом электрстанциясын салуға арналған жерді белгіленіп үлгерді.

"Алаң Алматы облысы Үлкен ауылы болып таңдалды. Бізде АЭС құрылысы бойынша әлі шешім қабылданған жоқ. Біз әзірше алаңды анықтадық, біз ең қолайлы технологияны таңдаймыз ", - деді Сенаттың қулуарында энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram