10 мая 2018 | 16:53

Асықтың спиннерден несі кем? Маркетолог ұлттық ойынды дамыту жолын айтты

© kstnews.kz

Тура бір жыл бұрын спиннер бүкіл әлемде ең сәнді ойыншыққа айналды. Спиннердің шығу тарихын Кэтрин Хэтингер атты инженер әйелмен байланыстырады. Америкалық әйел оны неге жасағаны туралы екі басылымға екі түрлі себеп атаған. Сонымен қатар, бұл ойыншықты Скотт МакКоскери де жасаған делінеді. Бірақ бұл спиннерлердің танымал бола бастауы 2016 жылы Forbes Джеймс Плафк мақала жазып, онда "спиннер 2017 жылы кеңседегі міндетті ойыншық" деп атағанна кейін басталды. Ал 2017 жылдың көктемінде не болғанын өздеріңіз де білесіздер. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

2017 жылы спиннер ең көп сатылған ойыншық болды. Алғашқы жарнамасында оны күйзеліске қарсы ойыншық деп атап жүрді. Мүмкін оның осыншалықты таралып кетуінің бір сыры осында болар. 

Реклама
Реклама

Осы жағдайға байланысты асық сияқты ұлттық ойынды ойыншық ретінде танымал ету қаншалықты мүмкін? Қазақстанда ойыншық өндірісімен айналысатын белгілі компанияның маркетинг жөніндегі директоры Роман Киричевскийдің айтуынша, мұнда мәселе қаржыға келіп тіреледі. 

"Кез келген затты қаржы салып, күш жұмсап танымал етуге болады. Ақшаңыз да, уақытыңыз да жеткілікті болса. Енді ештеңені алдын ала дәл болжап айтуға келмейді. Дегенмен асықты да жарнаманың көмегімен танымал етуге болар, бірақ оған қанша қаржы керегін айта алмаймын", - дейді Роман Киричевский.

© Baribar.kz

Бұл ұлттық ойынды басқа қырынан дамыту тәсілі. Ал асықты насихаттауға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау қандай? Қазақстанның ұлттық спорт қауымдастығының өкілі, Астана қалалық асық ату спортынан аға жаттықтырушы Ескендір Рахметовтің пікірінше, асық 2001 жылы спорт түрі ретінде бекітіліп, жыл сайын чемпионаттар өткізіліп келеді. 

"Оған дейін ауылда дорбаға салып алып жүрдік, ал қазір асық - бокс, футбол сияқты спорт түрі. 2015 жылы Қостанай қаласында алғашқы Қазақстан чемпионаты өтті. Одан кейін 2016 жылы Оралда, ал 2017 жылы Көкшетауда өткізілді. Енді чемпионаттан басқа бұл ойын түрінің Қазақстан кубогі да бар. Ол да жыл сайын өткізіледі. Биылғы жарыс Петропавлда өтіп отыр. Осындай еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен шаралар бар. Одан басқа халықаралық шаралар да бар", - дейді Рахметов. 

© el.kz

Ескендір Серікұлының сөзінше, қазір асық ойынын екінің бірі ойнай бере алмайды. Олардың арасынан іріктелген спортшыларды ары қарай республикалық жарыстарға дайындайды. 

Жоғарыда спиннерді айтқан себебіміз - ұлттық ойын түрін дәл сол секілді вирустық жарнама арқылы насихаттап көрсек деген ой еді. Заман өзгеріп, жұрттың тыныс-тіршілігі ауысқан соң қазынаға толы асық ойынынан айырылып қалмасақ игі деген қаперде жүрген уайым бұл. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram