РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
27 февраля 2019 | 19:52

Астанада қайғылы оқиға болған аймақта құдықтардың беті әлі де жабылмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Хабар 24 © Хабар 24

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Жастарды жалмаған құдық жабылмай ма?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Жастарды жалмаған құдық жабылмай ма?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таяуда Астана қаласында 13 жастағы баланың мәйіті ашық қалған кәріз құдығынан табылғандығы белгілі. Осы жағдай туралы "Өз ойым" бағдарламасында Бақдәулеттің анасы, туыстары және еріктілер тобы толығырақ айтып берді. Еріктілер 3 күн бойы жер-көктен шарқ ұрып іздеген Бақдәулет Өмірханның денесі үйінің жанындағы шұңқырда жатқан.

Анасы ол шұңқырдың мектеп жанына жақын екендігін айтады. Екі апта уақытты өткізіп бағдарлама журналистері дәл сол құдыққа барған, әйтсе де ол жер еш өзгеріссіз, қоршау да салынбаған.

Құдыққа түсіп кетіп, қайтыс болған Бақдәулет есімді баланың анасы Перизат Шынықбаева бұрындары ондай құдық барын білмегенін айтады.

"Мына плитка бала табылғасын қойылды. Жаңа мектеп тұр, соған қарама-қарсы тұрамыз. Соңғы үй. Мына жағдай мектеп маңында болды. Онда тек Бағдәулет қана емес сан мыңдаған балалар жүреді ойнап. Жалғыз ұл еді. Бұл өзі терең құдық, онда ер адам түсіп кетсе де табылмайды. Бұрындары ондай құдықтың барын білмедік", - дейді баланың анасы.

Еріктілер Астанада ашық құдыққа түскен бірнеше адамның құтқарылған айтты. Олар Бақдәулетті іздеуге 3 күн уақытын жұмсап, баланың мәйітін тапқан. Еріктілер тобының жетекшісі Элеонора Бекетова іздеу шаралары қалай жүргізілгенін айтып берді. 

"Адам көп болды. Барлығын топқа бөліп, жан-жаққа карта бойынша жібердік. Іздестіру шараларының екінші күні боран соқты. Қар қалың еді, сол себепті үйіліп қалған жердің барлығын іздестірдік. Еріктілер көп болды, біреулер келеді, біреулері үсті-басы су болып қайтып кетіп жатты. Қаладан да адамдар тартылды. Күнімен-түнімен осылайша адамдар ауысып жатты", - дейді Элеонора Бекетова.

Бақдәулетті іздеу шараларына қатысқан еріктілер оны қалай іздегенін және табылған кездегі жағдайды баяндап берді. Қанша күн өтсе де, сол маңайда ашық тұрған құдықтар әлі де барын айтады. 

Сондай-ақ, қалада 4 жасар Асылбектің де құдыққа түсіп кетіп, оған көмекке Нәдір есімді 10-сынып оқушысы көмектескені хабарланған. Бағдарлама барысында құдыққа түсіп кетіп, дер кезінде құтқарылған Иса Асылбектің әжесі Ақмолдина Күмісай немересінің құдыққа қалай түсіп кеткенін айтты.

"Нәдірдің айтуынша, оны аяғынан ұстап, төмен түсіргенде құдық терең болып, Асылбекке қолы жетпеген. Бала болса құдықтың ішінде мойнына дейін суға батып тұрған. Келінім хабарласқан кезде 15 минут өткен екен, мен шамамен жеті минутта жеттім. Мына жігіттің араласуының арқасында немеремді жылдам шығарып алдық. Екі теректің ортасында тұрған ашық қалған құдық. Қар үйіліп тұрған, сол себепті анасы тағы бір баласына алаңдап, мына баласының қалай түсіп кеткенін білмейді. Даусы арқылы білген. Бала болса, анасына жақындама, қар түсіп жатыр деп айғайлаған", - деді Ақмолдина Күмісай.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети