РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
03 апреля 2020 | 11:24

Әскери жиынға кімдер бармайтыны айтылды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Арнайы жиынға әскери есепте тұрғандар және денсаулығы жақсы азаматтар қабылданады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОҚК онлайн-брифингінде қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев айтты.


Арнайы жиынға әскери есепте тұрғандар және денсаулығы жақсы азаматтар қабылданады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОҚК онлайн-брифингінде қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев айтты.

"Бізде жасы үлкен азаматтар, отбасылық жағдайына және денсаулығына байланысты әскери жиынға шақырылмайтындар бар. Заңға сәйкес әскери жиындардан азаматтардың мына санаттары босатылады: қорғаныс, тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты мемлекеттік органдарда қызмет ететіндер, авиациялық персонал, егін науқаны кезінде ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер, педагогикалық қызметкерлер, күндізгі оқуда білім алатындар, әйелдер, 18 жасқа дейін үштен көп баласы бар азаматтар және тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатқан тұлғалар, жергілікті атқару органдарының депутаттары ", - деді министр.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды.

Сондай-ақ коронавирус індеті кеңінен таралған елдер медициналық қызметкерлерге көмектесуге әскери қызметкерлерді шақыру практикасы бар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети