РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
23 октября 2020 | 12:22

Асанов сот жүйесінде жемқорлық неге азаймай тұрғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Tengrinews.kz Фото: ©Tengrinews.kz

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов елімізде жемқорлық дерегі неге азаймай тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов елімізде жемқорлық дерегі неге азаймай тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, судьяларды іріктеу кезінде ашықтықты сақтау жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі факторы болып саналады. 

"Біз онымен (жемқорлықпен - ескерту) қалай күресіп жатырмыз? Ұзақ жылдар бойы сотқа түсетін шағымдардың саны өсіп жатты. 2018 жылы 4,5 миллион шағым түсіп, тарихи өсім тіркелді. Күніне сотта 20 мың іс пен материал қаралды. Әрбір судья күн сайын 11 шешім қабылдады. Елорда мен Алматыда күніне (сотта - ескерту) 50-ге дейін шешім қабылданды. Сот дәлізі адамға толы еді. Онда жауап берушілер, қолдаушылар да болатын. Мұнда жемқорлық қаупі жоғары болды. Әсіресе, онда өзге адамдардың мүддесі, қомақты ақша да айналымда жүретін. Біз не істедік?, - деді ол съезде.

Жақып Асанов сот жүйесінде жемқорлық дерегі азайту бойынша қандай жұмыстар жүргізілгенін түсіндірді.

"Күніне 20 мың іс қаралатын конвейердегі істің санын 3 есе қысқартып, (сотта күніне - ескерту) 6 мың іс пен материал қаралатын болды. Аз іс болса, жемқорлық дерегі де аз болып, іс сапалы қаралады. Заңға дауласушылардың өзі пәтуға келіп, ортақ шешімге келетін тетікті енгіздік. Татуласушы судья позициясын енгіздік. Татуласуға уақыт беретін болдық. Бұрын судьяда "мынау жеңді, мынау жеңілді" деген тек бір міндеті болатын. Қазіргі негізгі міндет - тараптарды татуластыру", - дейді Жоғарғы сот төрағасы.

Оның пікірінше, егер адамдар өз мәселесін өздері шешсе, қол алысса, жемқорлықтың туындауына негіз жоқ.

"Әрине, мен азаматтық істер туралы айтып тұрмын. Тек бір сан қуантады. Жақында шілдедегі ҚР Азаматтық процестік кодексіне енгізілген түзетудің арқасында осы жылдың қыркүйегінен азаматтық даудың 40 пайызы бейбіт келісіммен аяқталатын болды. Бұл даудың туындамауына негіз болады", - деді Асанов.

Сонымен қатар, Жоғарғы сот төрағасы сот жүйесіндегі жемқорлықтың екінші факторына тоқталды.

"Мемлекеттік органдар жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмейді, адамдарды сотқа жіберіп, сандалтып қояды. Өз актісін өзгертуден қорқады. Олар "сотқа барып, оның шешімін алып кел" дейді. Әкімшілік әділет кодексіне зор үміт артып отырмыз. Ол 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істейді. Әкімшілік әділет енгізілген елдерде мемлекеттік органдардың тәртібі мен жауапкершілігі күрт өсті", - дейді ол.

Сондай-ақ, Асанов жемқорлықпен күресу үшін жаңа әдістерді енгізу маңызды екенін атап өтті.

"Жемқорлықтың үшінші факторы. Адал болуға шақыру жұмыс істемейді. Қатал әдістер әлі сақталып отыр. Қауіпсіздік қызметін Ұлттық қауіпсіздік қызметі мамандарымен нығайттық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жұмыс бір ізге қойылды. Нәтижесіне тоқталайын. 2018 жылдан бері 28 судья қылмыстық қудалау субъектісіне айналды. Бұл 8 жыл бұрынғы біріктірілген деректен көп. Оның 14-і сотталды, қалғандары не жұмыстан шығарылды, не олардың істері әлі сотта қаралып жатыр", - деп түйіндеді сөзін Жоғарғы сот төрағасы.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан судьяларының VIII съезі өтті. Онда судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, кейбір қылмыс түрлеріне жазаны күшейту және тағы да басқа мәселелері талқыға салынды. Форумға Қазақстан Судьялар одағының делегаттары, халықаралық сарапшылар мен серіктес-ұйымдар, қоғам және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети