06 июня 2018 | 15:58

Асанов қазақтың қонақжайлығы несімен пайдалы екенін айтты

Жақып Асанов. © prokuror.gov.kz

ҚР Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXXI пленарлық отырысында инвестиция тартудағы соттың орны туралы айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXXI пленарлық отырысында инвестиция тартудағы соттың орны туралы айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Қонағыңа қорған бол, сезінеді қорғанды ол" деген мақал бар. Қонақ келсе, құт келеді деп санаған халқымыз. Сондықтан қонағын ерекше сыйлаған. Төріне шығарған. Бар тәттісін ұсынған. Бұл қанымызға сіңген қасиет. Мемлекет деңгейіде айтсақ, әрбір инвестор бізге құтты қонақ. Әлемдегі алпауыт елдердің барлығы, ең алдымен, инвестиция тартуға ұмтылады. Ол түсінікті. Соның арқасында экономика өседі, жұмыс орындары көбейеді, адамдардың әл-ауқаты артады", - деді Жақып Асанов.

Реклама
Реклама

Асанов Қазақстанға тартылатын инвестиция көлемін ұлғайту үшін соттың әділ болуы керектігін атап өтті. Оның сөзінше, тек биылдың өзінде даулардың 38 пайызы инвесторлардың пайдасына шешілген. 

"Инвестициялық климатты жақсарту үшін соттың алатын орны ерекше. Сот әділ болса, инвесторлар қорықпай, ақшасын аямай экономикамызға құяды. Кәсібін уайымсыз жүргізеді. Елбасының "100 нақты қадамына" сәйкес Жоғарғы Сотта арнайы алқа жұмыс істеуде. Ол инвестициялық дауларды қарайды. Әсіресе, мемлекеттік органдармен арадағы", - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Астанада Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXXI пленарлық отырысы өтіп жатыр. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасының осы кеңесте айтқан сөзіне жоғары баға берген болатын. 

"Жоғарғы соттың жаңа төрағысының сөзі ынталандырады, рас емес пе? Бұл біздің сот жүйесі мен әділдік үшін маңызды жол. Мен тағайындаған судьялар халықаралық қаржы орталығында ағылшын құқығы бойынша істеп, сот жүйемізге жақсы үлгі болады деген үміттемін", - деген болатын Елбасы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram