Арыс қаласында жүк пойызы өртенуіне байланысты эвакуацияланған 1 700 адамға үйіне қайтуға рұқсат берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Арыс қаласында жүк пойызы өртенуіне байланысты эвакуацияланған 1 700 адамға үйіне қайтуға рұқсат берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
"Арыс" теміржол вокзалында жүк пойызының контейнерінен өрт шыққанына байланысты "Наурыз" мөлтекауданынан 1700 адам эвакуацияланған болатын. Оның ішінде 1050 адам туыстарының үйіне жайғасса, 650 адам уақытша ашылған 4 эвакуациялық пунктке орналастырылған.
Aibat мәліметінше, оқиғаға байланысты Түркістан облысы ТЖД жедел желіні іске қосты. Жергілікті әкімдік өрт сөндірілгеннен кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызметі ауа сынамасын алғанын мәлім етті.
Олардың мәліметінше, өрт 21.55-те толықтай сөндірілді, ал тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, 6 тамызда Жамбыл облысынан Ресейге бара жатқан пойыздың екі фосфор тиелген контейнерінен өрт шыққан. Будақтаған ақ түтін жұрттың зәресін ұшырған. Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев тілшімізге берген сұхбатында вагон пойыздан бөлек шығарылып, қауіпсіз жолға қойылғанын хабарлады.
"Оқиға басқа пойыздарға әсер етпеді. Қазіргі уақытта ТЖД 26 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды. ҚТЖ-ның 12 қызметкері және бір дана техника мен өрт сөндіру пойызы тартыды. Сондай-ақ, Арыс қаласының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылды. Сондай-ақ 44/859 ӘБ әскери бөлімінің әскери қызметшілері 13 адам және 2 дана техника. Оқиға орнына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бекеті қойылды. Зардап шеккендер жоқ", - деді Ерік Сарыбаев.
"Алдын ала ақпарат бойынша, контейнерде сары фосфор бар", - деп қосты ол.
Сары фосфор - улы зат. Ауада оңай тотығады және өздігінен тұтанады. Ол қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянын тигізеді.
Кейінірек, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Арыста ықшамаудан тұрғындары эвакуацияланатынын хабарлаған болатын.
Артынша өрттің алдын ала себебі аталған еді.