09 марта 2021 | 13:29

"Әңгіртаяқтың астында қалса да білдірмейді". Дана Нұржігіт даулы сөзін түсіндірді

Дана Нұржігіт. Фото:instagram.com/dana_nurzhigit

Желіде сенатор Дана Нұржігіттің бағдарламада айтқан сөзінің видеосы тарады. Онда сенатор жары күн бермесе де, "жымын білдірмейтін" әйелдер туралы айтады. Оның бұл сөзін сынағандар да болды, олар сенаторды отбасылық зорлық-зомбылықты қолдады деп айыптады. Дана Нұржігіт Tengrinews.kz тілшісіне бұл сөзін түсіндіріп берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде сенатор Дана Нұржігіттің бағдарламада айтқан сөзінің видеосы тарады. Онда сенатор жары күн бермесе де, "жымын білдірмейтін" әйелдер туралы айтады. Оның бұл сөзін сынағандар да болды, олар сенаторды отбасылық зорлық-зомбылықты қолдады деп айыптады. Дана Нұржігіт Tengrinews.kz тілшісіне бұл сөзін түсіндіріп берді.

Желіде тараған роликте сенатор "әңгіртаяқтың астында қалған" әйелдердің тағдыры туралы сөз етеді.

"Қанша әйелдің тағдыры өтті ғой. Қазақы тәрбие, абырой, отағасының абыройы бәрібір қазақ әйелінің табиғатында басым тұрады. Өйткені елдің алдында әдемі жүреді, киінеді, төрт құбыласы түгел сияқты көрінгенімен, кеше кешкісін үйде қандай әңгіртаяқтың астында қалғанын, не болмаса, балаларын тырқыратып қуып, бір үйдің астан-кестеңін шығарғанын білдірмей, ел алдында әп-әдемі болып жүретін әйелдердің тағдырын көрдім.

Соның бәрінен аттап кетпей, "Бәрібір үй болайық, шаңырақ болайық, ел алдында не бетімізді айтамыз" деген абыройды ойлаған әйел қазақ әйелі дер едім. Сондай тағдырлардың көбі көз алдымызда жүр, бірақ жымын білдірмейтін қазақ әйелдерінің намысы ешқашан қорқыныш, үрей тудырмайды. Еуропаның әйелдері секілді "Менің шенеуніктік жұмысым бар, тамағыңды өзің жеп ал, балаңды өзің өсіріп ал, мені қызметім күтіп тұр" деп бәрін аттап кететін әйел - қазақ әйелі емес", - дейді Нұржігіт Qazaqstan телеарнасындағы Ashyq alań бағдарламасында.

Реклама
Реклама

Желі қолданушыларының кейбірі сенатордың сөзін сөйлесе, кейбірі бұл пікірге қарсы шыққан.

 

"Дұрыс айтасыз, қазақтың көп әйелінің басындағы жағдайды айттыңыз. Сол қызметтен отбасымыз жоғары тұрады", "Дұрыс айттыңыз", "Дана ханым, мен сізді парасатты, білімді адам деп білетінмін. Орта ғасырлық стеоротипке құрылған ойыңызды түсінбедім. Отбасындағы агрессорға төзіп, басқалары невроз бола берсін бе?", "Таяқтың астында жүріп, ештеңе білдірпеуді дәріптеп отырсыз ба?", "Сосын намыс деп жүргенде ешкімге керек емес ауру әйелге айналғанын бір біледі", - деп пікір жазған желі қолданушылары.

Дана Нұржігіт Tengrinews.kz тілшісіне бұл сөзін түсіндіріп берді.

"Ақындар "Қайран біздің аналар арды ойлаған" дейді. Арды ойлаған аналарды арамызда көріп жүрміз. Қазақ әйелі ерінің басын елге теңеген, елдің абыройы деп ойлаған. Сондықтан, осыны бағалайтын әйел адам не үшін көп қиындыққа көніп жатыр? Не үшін көп қиындыққа осылай үндемей, бір үйдің емес, бір елдің ұйытқысы болып жатыр? Осыны түсінетін арда азаматтарымыз болса екен, шіркін. Осының құнын білетін, әйелдің ақылын, төзімін, шыдамын, парасатын бағалайтын ер азамат көп болса екен деген пікір болатын. Бұл жерде көнбестікке шыдау, таяққа шыдау туралы пікір болмады. Әйелінің парасатының, биіктігінің құнын білетін ерлер көп болса, дүние тепе-теңдікке жетер еді. Менің пікірім - осы", - деді сенатор.

Айта кетейік, Дана Нұржігіт 2019 жылы 13 тамызда сенатор болып тағайындалған еді. Ол қазақстандықтарға 20 жылдан аса уақыт бойы телебағдарлама жүргізуімен танылған.

Жарты миллион фолловер, Mitsubishi, перфекционист. Сіз кімсіз, Дана Нұржігіт?


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram