РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
01 июня 2022 | 13:40

Анасы өлтірген 6 жағдай болған. Елдегі балалар статистикасы қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 маусым - балаларды қорғау күні. Tengrinews.kz тілшісі балаларға қатысты статистикаға шолу жасап көрді. 


1 маусым - балаларды қорғау күні. Tengrinews.kz тілшісі балаларға қатысты статистикаға шолу жасап көрді. 

Unicef.org мәліметтері бойынша, Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы 5 623 387 бала тұрады, олар - елдегі халықтың шамамен 31 пайызы. Қазақстанда балалардың 3 пайызға жуығы мүгедектігі және арнайы қажеттіліктері бар балалар ретінде тіркелген. Осындай 10 мыңнан аса бала үйден оқиды. 

2009-2017 жылдар аралығында кәмелетке толмаған құқықбұзушылар саны 53 пайызға қысқарған, сонымен қатар, сотталған балалар саны 66 пайызға, тергеу изоляторларындағы балалар саны 65 пайызға, бас бостандығынан айыру орындарындағы балалар саны 9 есе қысқарған (2009 жылы 449-дан 2017 жылы 49-ға дейін). 

 Мектепке дейінгі ұйымдардағы бала саны қанша?

2021 жылғы мәлімет бойынша, елімізде мектепке дейінгі ұйымдардағы бала саны - 922 400. Бұл туралы ұлттық статистика бюросының деректерінде айтылған. Ірі қалалар ішінде Нұр-Сұлтанда - 50 693, Алматыда - 71 664, Шымкентте - 61 099. 

Күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны

Былтырғы дерек бойынша, елімізде күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі оқушы саны - 3 436 608. Ең көбі Түркістан облысында (499 111) және Алматы облысында (442 302). 

Даму мүмкiндiктерi шектеулi оқушылар саны

Қазақстанда даму мүмкiндiктерi шектеулi оқушы саны - 15 238. Қарағанды облысында - 1454, Шығыс Қазақстан облысында - 1698.

2021 жылғы дерек бойынша, мүмкіндігі шектеулі бала саны - 175 082. Ең көбі Түркістан облысында тіркелген, онда - 21 361. 

2022 жылы сәбилерге жиі қойылған есімдер

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2022 жылғы мамырда ұл балаларға Алихан есімі көп қойылған, ал қыздарға Медина есімі көп таңдалған.

Ұлдарға көп қойылған есімдер:

  • Алихан - 218
  • Айсұлтан - 171
  • Алдияр - 139
  • Нұрислам - 129
  • Амир - 126
  • Арсен - 122
  • Алан - 121
  • Омар - 108
  • Әли - 107
  • Әлинұр - 104
  • Мүслім - 99
  • Мұхаммад - 95
  • Ибраһим - 92
  • Мансұр - 88
  • Ислам - 84
  • Дінмұхаммед - 77
  • Рамазан - 76
  • Заңғар - 74
  • Хамза - 73
  • Әлихан - 70

Қыздарға көп қойылған есімдер:

  • Медина - 386
  • Айлин - 270
  • Айша - 264
  • Асылым - 262 
  • Раяна - 248
  • Томирис - 195
  • Аяла - 188
  • София - 182 
  • Амина - 174
  • Айзере - 161
  • Айару - 136
  • Мариям - 124 
  • Кәусар - 123 
  • Айым - 120
  • Айкөркем - 110
  • Аяна - 100 
  • Фатима - 99
  • Аиша - 91
  • Адина - 91
  • Ясина - 88

Нұр-Сұлтанда ең көп қойылған есімдер

Нұр-Сұлтан аудандық әкімдіктердің АХАТ бөлімдерінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан 30 қарашасына дейін елордада 32 146 балаға туу туралы куәлік алынған. 2020 жылы бұл кезеңде қалада 29 083 сәби дүниеге келген. 2021 жылғы дерек бойынша, Нұр-Сұлтандағы ең танымал есім Айлин болды. Бұл есімді 437 нәрестеге қойған. Екінші орында - Медина, бұл есім 414 сәбиге берілген.

Елордада қыздарға қойылған ТОП-15 есім:

  • Айша
  • Әмина
  • Томирис
  • Аяла
  • Айзере
  • Раяна
  • Сафия
  • Асылым
  • Айару
  • Мәриям
  • Айым
  • Айша
  • Зере

2021 жылы 360 балаға Әлихан есімі қойылған. Елордада ұлдарға қойылған ТОП-15 есім:

  • Әмір
  • Алан
  • Әли
  • Алдияр
  • Арлан
  • Омар
  • Альтаир
  • Айсұлтан
  • Санжар
  • Ибрахим
  • Ислам
  • Рамазан
  • Ерасыл
  • Арсен

"Биыл қалада некесін ресми түрде тіркеген жаңа отбасылар саны да артты. Бұл кезеңде 11 289 жұп отбасын құрды. 2020 жылы 9 571 неке тіркелді. Сарапшылардың айтуынша, қазір некеге тұруға және отбасын құруға жауапкершілікпен, саналы түрде қарайды. Бүгінде жас жұбайлардың орташа жасы 26-28 жас, ал 4-5 жыл бұрын 22-23 жас болған. Тек жастар ғана емес, сонымен бірге ересектер де - 50-60 және тіпті 70 жастағылар да некелесіп жатады", - делінген хабарламада.

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар саны 5 есеге артқан

Қазақстанда аутизмге шалдыққандар саны кейінгі 7 жылда артып жатыр, көрсеткіш 5 есе өскен. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті өкілі айтқан. 

2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, бақылауда 4887 науқас тұр. 2015 жылы балаларда аутизмнің 228 жағдайы анықталған. 2016 жылы - 285, 2017 жылы - 394, 2018 жылы - 476, 2019 жылы - 645, 2020 жылы - 756, 2021 жылы - 1184.

Бір әйелге үш баладан келеді

Пандемия кезінде бала туу көрсеткіші артқан. Бүгінде Қазақстанда бір әйелге үш баладан келеді. Бұл туралы EnergyProm бақылау агенттігінің мәліметінде айтылған.

2020 жылы елімізде 426,8 мың сәби дүниеге келген.

"2021 жыл бұл рекорд бұзылды: жаңа туылған нәрестелер саны бірден 446,5 мыңға жетті", - делінген хабарламада.

2021 жылы туу коэффициенті бойынша да жаңа рекорд орнатылды: 23,5, яғни 10 мың қазақстандыққа 235 жаңа туылған нәрестеден келеді. 20 жыл бұрын коэффициент 14,91 болды.

"Сонымен қатар, туудың жиынтық коэффициенті 3,32-ге жетті, яғни бір әйелге орта есеппен 3-тен аса баладан келеді. Мұндай көрсеткіштер Қазақстанда кейінгі екі жылда ғана тіркелді. 1999 жылы коэффициент бар болғаны 1,8 болған", - делінген хабарламада.

Жетім балалар саны

Жетім балалар - жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған 18 жасқа дейінгі тұлғалар. 2020 жылғы дерекке сәйкес, қамқорлық пен қорғаншылықтағы бала саны - 17 023, патронат тәрбиеде - 1 751, денсаулық сақтау жүйесіндегі ұйымда - 272, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ұйымда - 646, білім беру жүйесіндегі ұйымда - 3 336.

2020 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар саны 4 254 болған.

Балаларға қатысты қылмыс саны  

2020 жылы анасы жаңа туған баланы өлтірген 6 жағдай болған, ал балаларды азғындыққа итермелеудің 115 дерегі тіркелген.

2020 жылы қылмыстық қолсұғушылықтан 142 кәмелетке толмаған бала қайтыс болған. 2016 жылы бұл көрсеткіш 35 болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети