РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
15 апреля 2020 | 14:33

Алматының бас дәрігері коронавирусқа үш рет тест тапсырған

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирусты анықтау үшін 3 рет тест тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирусты анықтау үшін 3 рет тест тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқарма басшысы дербес оқшаулануына қатысты түсініктеме беріп, соңғы уақытта кеңседе қонып жүргенін атап өтті. Осы орайда ол коронавирусты анықтау үшін 3 рет тест тапсырғанын жеткізді.

"6 күн бұрын мен қаладағы орталық кликанық ауруханаға бардым. Әріптестерімді қауіп-қатерге ұшыратпас үшін өзімді оқшаулауды жөн көрдім. Олармен бірге карантинге алынған сәттен бастап, 3 рет талдау өткіздім. Барлығының нәтижесі теріс... Офисте қонып жүрмін", - деді ол "Хабар 24" телеарнасында өткен брифингте.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 1275-ке жетті. 203 науқас жазылды, 15 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети