Бүгін 7 арнада "Өз ойым" бағдарламасына тумай жатып баласын саудалаған 22 жастағы Гүлмира есімді келіншек қонақ болды.
Бүгін 7 арнада "Өз ойым" бағдарламасына тумай жатып баласын саудалаған 22 жастағы Гүлмира есімді келіншек қонақ болды.
Бастапқыда бағдарламаға қатыспаймын деп ашуланған ол ток-шоу жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызының өтінішіне құлақ асып, орамал жамылып, өз әңгімесін баяндады. Тағдырдың бұл сынына шыдамаған бойжеткен құрсағымдағы нəрестені 500 000 теңге несиесін жабу үшін сатпақ болған екен.
"Жасым 22-де. Бүгін Алматыдан келдім. Жігітім екеуміз бір жыл жүрдік. Аяғым ауыр екенін білгеннен кейін екі аптадай жанымда жүрді. "Барлығы жақсы болады" деді. Сосын екі аптадан соң маған "аборт жаса" деп ақша әкеліп берді. Содан кетіп қалды, одан кейін оны көрген жоқпын. Балаға 14 апта болып қалды", - дейді Гүлмира.
Ал "баланы неге сатасың?" деген сұраққа ол былай деп жауап береді:
"Мен баланы еріккеннен берейін деп отырған жоқпын. Мен де оған 14 апта ішінде бауыр басып қалдым. Басымда кредитім бар - 500 000 теңге, оның тағы пайызы өсіп жатыр. Туған ағаммен тұрамын, ол бұл жайлы білмейді, үйде оранып жүремін. (...) Жұмыстағы қыздар бұл жайлы біледі, сол жұмыс бойынша ауысып, баланы туып, жақсы отбасыға бергім келеді. Мен ол кісілерден ақша алайын деп отырған жоқпын, тек кредитімді жауып берсе болғаны", - дейді Гүлмира. Айтуынша, ол бұл қадамға шарасыздықтан барып отыр.
Жүргізушілердің қойған сұрақтарына ызаға булыға дүрсе қоя беріп, көзіне еріксіз жас алды. Бұл қыз тағдырына, əлде жасарын жасап, бала пайда болған соң ізін суытқан жауапкершіліксіз əкеге ме, əлде осындай дерттің өрбуіне тоқтау бола алмаған қоғамға өкпелі ме, белгісіз.
Хабар соңына қарай заң қызметкері шарасыз бойжеткенге несиенің пайыздарын азайту жəне басқа да тиімді жолдарын ақысыз қарастырып беруге дүйім ел алдында уəде етті.
Сондай-ақ, бүгін бағдарлама жүргізушілері Skype арқылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қырғалы ауылында тұратын 7 бала асырап алған отбасымен әңгімелесті. Біржан мен Әлияның туған екі баласы бар екен.
"(...) Бірінші төртеуін асырап алдық. Сосын үшеуін алдық. Үшеуі ағайынды, екеуі ағайынды, қалған екеуі ағайынды емес. Біз көп ұлтты, көпбалалы отбасымыз. Қазақ, орыс, татар, неміс, украин, беларусь, шешен балаларымыз бар", - деqді Әлия. Айтуларынша, барлығы қазақ мектебінде оқиды.
Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.
Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.