19 февраля 2020 | 13:33

Алматылық ақсақал Сағынтаевқа жемқорлық туралы бата берді

Алматылық ақсақал Бақытжан Сағынтаевқа бата беріп тұрған сәт. Видео кадры

Бүгін Алматы қаласы әкімінің тұрғындармен кездесуі барысында қала тұрғыны, ақсақал Бақытжан Сағынтаевқа жемқорлық туралы бата берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Алматы қаласы әкімінің тұрғындармен кездесуі барысында қала тұрғыны, ақсақал Бақытжан Сағынтаевқа жемқорлық туралы бата берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сағынтаев мырзаның айтқанын толық түсіндік. Бұл енді іске асып, ары қарай жақсы жұмыс істейді дегенге сенеміз. Мен енді бір бата берейін деп отырмын", - деп ақсақал қала әкіміне ақ тілегін айтты. 

Реклама
Реклама

"Аумин деп, көтеріңдер білектеріңді, 

Нұрға бөлеп жүректеріңді,

Бір Алла берейін деп тұр тілектеріңді. 

Жанға жайлы заман болсын, 

Ел-жұртымыз аман болсын,

Алла аспаннан нұрын төксін. 

(...)

Ел іші даусыз болсын, 

Ел шеті жаусыз болсын. 

Жеке басын күйттемей, 

Халқын да бір сәт ойласын. 

Парламенттегі депутат, 

Бизнесін ойлап қалдырмай, 

Халқын да бір сәт ойласын. 

Зиялы қауым өкілі 

Ұлты, ру, жүзге бөлініп, жамандыққа бармасын. 

Қазақтың атына кір келтірген, 

Сыбайлас жемқорлық, өтірік мақтаншақтық 

Заң бұзушылық, екіжүзділік, өтірік айтатын 

Жамандықтың бәрі жойылып, жақсылық жағы төрлесін", - деп бата берді ақсақал. 

Бақытжан Сағынтаев өз кезегінде батадан кейін сөз қайырып, жиынды түйіндеді. 

Айта кетейік, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бүгінгі есеп беру кездесуі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "тыңдайтын мемлекет" қағидатының жалғасы ретінде жүргізілді. Кездесу 4 сағаттан аса уақытқа созылды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram