РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
30 марта 2020 | 15:47

Алматыдағы науқастардың 97 пайызы ауруды шетелде, 3 пайызы елде жұқтырған

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Айзат Молдағасымова Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Айзат Молдағасымова Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдау нәтижелеріне қарағанда, 73 науқастың 93 пайызы сырттан келгендер, 3 пайызы жергілікті тұрғындар. Басқа елдерден келген 26 адам байланыс арқылы 45 адамға жұқтырған. Жергілікті тұрғындар жұқтырған екі жағдайда да байланыс жасаған адамдар бар, - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Молдағасымова науқастардың жас мөлшеріне тоқталды.

"Ауруды жұқтырғандардың басым бөлігі 30-39 жаста. Екінші орында 20-29 жасқа дейінгілер, үшінші орында 50-59 жастағы азаматтар. Жынысына тоқталсақ. Көбінесе әйелдер 52, 5 пайыз, ерлер 37, 5 пайыз ауырып жатыр", - деді спикер.

Айта кетейік, бүгінге дейін Алматы облысында 7 адамнан коронавирус анықталды. Ал Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 294 адамға жетті.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети