"Ақ жол" фракциясының депутаттары Алматыда болған атысқа байланысты болашақта осындай қайғылы жағдайдың алдын алу үшін "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң жобасын шұғыл түрде әзірлеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ақ жол" фракциясының депутаттары Алматыда болған атысқа байланысты болашақта осындай қайғылы жағдайдың алдын алу үшін "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң жобасын шұғыл түрде әзірлеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл жағдайдың бірқатар жағдайы тек полиция тарапынан емес, сонымен қатар, қаржы реттеушілері тарапынан да бөлек зерттеуді қажет етеді. Кәсіппен айналысуға тәуекел еткен немесе жай ғана кредит алған мыңдаған азамат осындай проблемаға тап болып жатады. Кейде қарыз алған адамдар суицид жасауға дейін барып жатады. Ал бұл жағдайда қарыз алған адам басқа адамдарға қарсы қару қолданды", - дейді депутат Андрей Линник.
Депутаттың сөзінше, бұл жағдай халық несие көп алатынын көрсеткенін айтады.
"Оның ішінде Ұлттық банктің жоғары базалық мөлшерлемесіне, осындай даулар бойынша сот шешімдерінің әділетсіздігіне және сот орындаушылары мен банк қызметкерлерінің ықтимал сөз байласуына тағы да назар аудартты. (...) Кеше қаза тапқан азаматтар - мыңдаған шағын кәсіпкер мен қарапайым борышкердің жағдайына немқұрайды қараудың тікелей нәтижесі", - деді депутат.
Депутат Алматыда болған қайғылы жағдайға байланысты бірнеше ұсыныс жасады.
"Біріншіден, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне қарыз алушылардың заңды құқықтарына қысым жасауына жол бермей, банктердің мүлікті бағалауын төмендету мәселелерін шұғыл пысықтауды, кепілге салынған мүлікті өткізу кезінде банктердің лауазымды адамдарының және сот орындаушыларының сөз байласуы мүмкіндіктерді болдырмауды, болашақта осындай қайғылы жағдайдың алдын алу үшін "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң жобасын жедел әзірлеуді ұсынамыз", - деді депутат.
Еске салайық, 20 қыркүйекте шамамен сағат 17:00-де Алатау ауданындағы Ақбұлақ мөлтекауданындағы тұрғын үйлердің бірінің 1967 жылғы тұрғыны атыс шығарған. Ол аңшы қаруымен сот орындаушысына, полицияның учаскелік инспекторларына, ТЖД қызметкерлеріне оқ атқан.
Қаза болғандардың ішінде 1982 жылғы майор және 1988 жылғы капитан, сонымен қатар, сот орындаушысы және дау нысаны болған үйдің жаңа иесі болған. Алматы ТЖД мәліметінше, департамент қызметкерлері зардап шекпеді.
Құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұл қылмысты жасағандар 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Күдіктіні арнайы қызмет өкілдері оқиға орнында қару қолданбай ұстаған, өйткені үйде әйелдер мен балалар болған.