РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
20 сентября 2021 | 20:17

Алматыдағы атыс шыққан үйде балалар болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Шоқан Алқабаев Фото: Шоқан Алқабаев

Алматыда атыс шығарып, бес адамды өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда атыс шығарып, бес адамды өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы полиция Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов айтты. 

"Бұл факт бүгін Алматы Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы ("Екi немесе одан көп адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заң бойынша мұндай қылмыс үшін 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деді Рүстем Әбдірахманов.  

Оның айтуынша, алматылық тұрғын полицейлерге аңшы қаруымен оқ атқан. Сонымен қатар, Рүстем Әбдірахманов атыс кезінде үйде әйелдер мен кәмелет жасқа толмаған балалар болғанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда атыс болып, ер адам полицейлер мен сот орындаушыларын өлтіргені хабарланған болатын. 

Үйден шығару туралы сот шешімін орындау кезінде осы үйдің тұрғыны - 1967 жылы туған ер адам озбырлық көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, төтенше жағдай қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырған. Салдарынан бес адам қаза тапқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети