ПОДЕЛИТЬСЯ
01 апреля 2021 | 13:22
Алматыда студенттер жатақханадан шығарыла ма? Департамент жауап берді
Желіде Алматыда карантинге байланысты студенттер жатақханадан шығарылып жатыр деген ақпарат тараған. Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова студенттер жатақханадан шығарылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде Алматыда карантинге байланысты студенттер жатақханадан шығарылып жатыр деген ақпарат тараған. Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова студенттер жатақханадан шығарылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Онлайн-брифингте журналист "Былтыр қыркүйекте Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі үйінде білім алуға мүмкіндігі жоқ студенттерге университет тұратын жер, яғни жатақхана қамтамасыз етеді деп шешті. Қазақстанда ондай бес мың студент бар. Олардың көбі Алматыда. Енді оларды кеше, бүгін жатақханадан шығарып жатыр. Олар енді не істейті?" деп сұрады.
Ал Әсел Қалықова студенттер жатақханадан шығарылмайтынын айтты.
"Алматы бас санитария дәрігерінің қаулысы күшіне енді. Ол бойынша 1-курс студенттері офлайн оқи алады, бұл жатақханада тұруға да қатысты. Ал нақты осы жағдайға қатысты айтсам, бұл студент пен ЖОО ректоры өзара шешетін мәселе.
Сабақ оқуға мүмкіндігі және тұратын жері жоқ студенттер барлық санитарлық норманы сақтай отырып жатақханада қала бере алады", - деді ол.
Сонымен қатар, Қалықова жатақханаларға мониторинг кеше басталғанын айтты.
"Жатақханаларда жүргізілген мониторинг тексерістерінің нәтижесін айтсам, студенттердің бір бөлігі жатақханадан тыс жерлерге шығып тұратыны анықталды.
Қаладағы жатақханалардың бірінде 3 адамнан коронавирус расталды. Студенттер тестті өзі тапсырған. Олар бір бөлмеде тұрмайды. Жатақханада эпидемиологияға қарсы іс-шаралар жасалды, байланыста болған адамдар анықталды, қосымша ПТР-тест алынды", - деді Әсел Қалықова.
Еске салайық, Алматы 10 наурыздан бері "қызыл" аймақта. Қалада 12 сәуірге дейін шектеулер енгізілген. Оқушылар мен студенттер (кезекші сыныптардан басқасы) қашықтан оқуға көшті.
Бұған дейін Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин эпиджағдай нашар екенін айтқан болатын.
Показать комментарии
Читайте также