Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы Ақсай өзенінің бойына селге тосқауыл болатын екі бөгет салынады. Бұл туралы бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы Ақсай өзенінің бойына селге тосқауыл болатын екі бөгет салынады. Бұл туралы бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, сел болған жағдайда тосқауыл болатын бөгет керек. Бүгінде екі бөгет салуға арналған дайындық жұмыстары аяқталған.
"Сел мәселесі бойынша айтатын болсақ, жоғарыдан бөгет салуымыз керек. Бөгет болмай сел жүретін болса, алдыңғы жылдардағыдай үрей үстінде жүреміз. Сол себептен қазір мамандармен бірге бөгет қою жобалары жасалды. Былтыр жазда премьер-министр келген кезде ол кісіні сол жерге апарып, көрсеттік.
Сол жерде Ішкі істер және Қаржы министрлігіне екі бөгеттің құрылысын қаржыландыру мәселесі бойынша тапсырма берілді. Қазір дайындық жұмыстары аяқталды. Алдағы уақытта осы екі бөгет салынатын болады. Ол үлкен қауіптерге тосқауыл бола алады. Бұл - әкімшілік үшін маңызды сауал", - деді қала әкімі.
Алматылықтарды дүрліктірген сел қаупі: Оқиға орындарынан фото мен видео
Еске салайық, былтыр 14 тамызда таңғы уақытта Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді деген хабар жұртшылыққа тараған болатын. Желіде түрлі сурет пен видео жариялана бастады. Қалалық әкімдік бұл ақпаратты растап, бірден зардап шеккендерді жинау пункттері мен эвакуациялау пункттерін бекіткен еді.