Сауда орталықтарында тұрғындарды вакцинациялау жұмыстары әзірге басталмады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сауда орталықтарында тұрғындарды вакцинациялау жұмыстары әзірге басталмады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, бүгін "Гранд Парк" сауда орталығының Instagram желісіндегі парақшасында сауда орталығында вакцинация жұмысы басталатыны туралы хабарланған болатын. Артынша жазба парақшадан өшірілген.
"Сауда орталықтарында әлі ешкім вакцинация салдырып жатқан жоқ. Сауда орталықтарына вакцина жеткізілген жоқ. Біз қазір сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Орын таңдалып, үстелдер мен орындықтар қойылады, яғни ол үшін бірнеше күн қажет. Сонымен қатар, бұл жұмысқа ірі құрылыс компаниялары да тартылды. Олар ірі бокстар, басқа да қажет нәрселерді жасау керек болса жұмылдырылады. Әзірге бізге түскен 21 мың вакцинамен жұмыс істейміз. Үлкен партия түскенде дайын отырамыз, ұйымдастыру жұмысын тез істейміз", - деді ол Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.
Айта кетейік, 25 наурызда Алматылықтар сауда орталықтары мен базарларда вакцина салдыра алатыны хабарланған болатын. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали мәлімдеген еді.
Еске салайық, Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 35 193-rе жетті. Оның ішінде 27 810 адам аурудан айыққан. Алматы COVID-19 бойынша "қызыл" аймақта.