28 июля 2023 | 11:34

Алматыда перзентхана бір аптадан аса сусыз отыр: Аяғы ауыр әйелдер су іздеп, көшеге шығып кетті

Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

Алматы қаласының Медеу ауданында ауызсудың болмауы қарапайым қарашадан бөлек сол аумақтағы мемлекеттік мекемелерге, үлкен нысандарға да оңай болмай тұр. Мәселен, "Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" өткен сенбіден бері сусыз отыр. Мекеме қызметкерлерінің сөзінше "Алматы Су" мекемесі алғашында салқын суды үш сағатқа тоқтатқанын айтқан. Кейін белгілі болғандай, бір аптаға созылыпты. Әкімдіктің жіберген су таситын көлігі де уақытылы келмепті. Massaget.kz тілшісі аталған мекемеге барып, аяғы ауыр аналардың жай күйін біліп қайтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғылыми орталықта 22 шілдеден бастап ауызсу жоқ. Сол күні сағат 16:00 шамасында тіршілік нәрінің үш сағатқа тоқтайтыны айтылған. Ал кешкі ондар шамасында судың мүлдем болмайтыны хабарланыпты. Мекеме меңгерушісі 23 шілдеден бастап ауызсу тапшылығымен күресуді бастаған.

Реклама
Реклама

"Жексенбі күні су таситын көлікпен таңертең және кеште су әкелді. Біз өзіміз қолмен тасып пациенттерге жеткіздік. Аяғы ауыр әйелдерді көп мазалауға болмайды ғой. Олар су тасып ішуге де жарамайды. Жуынатыны, тамақ ішетіні бар дегендей. Алайда 25 шілдеден бастап суды уақытылы әкелуді доғарды. "Алматы Су" мекемесі телефон алмады. Сейсенбі күні түнгі сағат 00:30 да әкелді. Аяғы ауыр әйелдер су іздеп көшеге дейін шығып кетті. Күтуден басқа қолдан келер қайран болмады. Ал әкімдіктің бізде мүлде шаруасы болған жоқ, - дейді Бибігүл есімді мекеме меңгерушісі.

Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

Бұл перзентханаға судың түнде әкелінгендігін дәлелдейтін сурет. Жүкті әйелдердің жағдайын ойлаған билік ондайға бармаса керек-ті. Ал Медеу ауданының әкімі болса меңгерушінің айқай шығарғанынан кейін ғана дәл бүгін мекемеге бас сұғыпты.

Ал "Алматы Су" мекемесі болса "жалған ақпарат тараттың" деп меңгерушінің өзін кінәлаған.

"Телефонмен байланысқан қызметкер менің өзімді жазғырды. Менің жанайқайым қара басымның қамы үшін емес қой. Мұнда 125 жүкті әйел жатыр. Өзіңіз ойлап қараңызшы, біз киімдерді жуамыз, дизенфекциялаймыз. Аналар босанады, ота жасалады. Судың болмауы біздің жұмысымызға үлкен ауыртпалық салды. Мұндай жерде санитарлық шаралар сақталуы керек. Ал су болмаса оны қалай сақтаймыз? Суға жауапты мекеменің ауызсуды түнгі 00:00-де жібергеніне айтарға сөзім жоқ", - деді Бибігүл Чимкинтбековна.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram