РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
23 июля 2020 | 11:51

Алматыда науқастардың жағдайын бақылайтын жедел әрекет ету топтары құрылды

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: topspb.tv Фото: topspb.tv

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус және пневмония анықталған науқастар арасында адам өлімін азайту үшін қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус және пневмония анықталған науқастар арасында адам өлімін азайту үшін қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, Алматыда науқастар үшін анестезиология және реаниматология орталығы құрылыпты.

"Мұны біз "жедел әрекет ету тобы" деп айтамыз. Оған мықты мамандарды жинадық. Олар жағдайы ауыр және өте ауыр науқастардың жағдайына мониторинг жүргізеді. Олар әрбір науқастың жағдайын біледі. Әсіресе, жансақтау бөлімінде жатқан науқастың жағдайы қырағы бақылауда. Мамандар клиникадағы дәрігерлерге ақыл-кеңес береді. Тиісті жағдайда оқиға орнынан барып, тиісті шешімді қабылдайды. Бұл бізге адамның өміріне төнетін қауіптің алдын алуға септігін тигізеді. Бұл топ 13 шілдеден бастап жұмыс істеп жатыр. Оның құрамында танымал мамандар бар. Орталықтың жұмысы нақты нәтиже беріп жатыр", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Алматыда 9 851 COVID-19 жұқтырды. 6 024 науқас жазылды, 73 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 76 799-ға жетті. 48 220 науқас дертінен айықты, 585 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети