ПОДЕЛИТЬСЯ
05 апреля 2021 | 16:26
Алматыда локдаун енгізіле ме? Бекшин жауап берді
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қаланың жабылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қаланың жабылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әрине, қазіргі ахуал күрделі. Бірақ қыстан бері жасаған дайындығымыз қазіргі жағдайдан өтуге мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде 7 011 төсек-орын бар. Бос төсек-орын саны 44,9 пайыз (2 520 орын). Жансақтау бөліміндегі төсек-орындардың 62 пайызы бос. Сондықтан жағдай Қоғамдық денсаулық сақтау ұйымының бақылауында, мәселе күнделікті бақылауда. Алаңдататын проблема жоқ. Себебі бәрі ауруханаға дер кезінде жатқызылып жатыр. Олардың саны 250-270 шамасында, 500-ге жеткен жоқ. Сондықтан қазіргі таңда локдаун, қаланы жабу деген әңгіме жоқ", - деді Бекшин Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте.
Айта кетейік, Алматы бірнеше күннен бері COVID-19 жұқтырған науқастар саны бойынша бірінші орында тұр. Қаланың науқастар саны бойынша бірінші орында тұрғанына бірнеше күн болды: 4 сәуірде - 572 жағдай, 3 сәуірде - 647, 2 сәуірде - 647, 1 сәуірде - 595, 31 наурызда - 515, 30 наурызда - 526, 29 наурызда - 545.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также