ПОДЕЛИТЬСЯ
30 марта 2020 | 17:05
Алматыда коронавирусты анықтайтын тест қай елдерден жеткізілді?
Алматы қаласына коронавирусты анықтайтын тест Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Израильден әкелінген. Бұл туралы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Айзат Молдағасымова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде ауруды анықтау үшін тестілер Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Израильден әкелінді. Біз қолданып жатқан тестілер тексерілген", - деді ол "Хабар 24" телеарнасында өткен онлайн-брифингте.
Сонымен қатар, басшы адамдардан қауіпті індетті анықтаған кезде олар бірнеше рет тексеруден өтетінін атап өтті.
"Тест оң нәтиже берсе, оны қайта тексереміз. Яғни анализдерді қайта тексеру үшін басқа зертханаға жібереміз", - деді Айзат Молдағасымова.
Показать комментарии
Читайте также