ПОДЕЛИТЬСЯ
09 апреля 2020 | 16:38
Алматыда коронавирус жұқтырудың азаю себебі аталды
Өзін-өзі оқшаулаудың арқасында коронавирус жұқтырғандар саны көбеймей отыр. Бұл туралы Алматы қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ешкім карантинді тоқтатқан жоқ. Шараларды да ешкім тоқтатпады. Бүгінде науқастар азаюының негізгі себебі - өзін-өзі оқшаулаудың пайдасы, әлемде бірінші орында. Барлық адам өзін-өзі оқшаулап, карантин режимін сақтап отырғаны, менің ойымша, аурудың төмендеуінің негізгі себебі", - деді ол Almaty телеарнасының эфирінде аурулар саны көбеймесе де, карантин режимін сақтау керек пе деген сұраққа жауабында.
Бұған дейін Молдағасымова науқастардың жағдайын айтып берген еді.
Еске салайық, қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 764 адамға жетті. 55 науқас сауығып шықты, 7 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также