РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
31 марта 2020 | 14:19

Алматыда коронавирус анықталған 9 науқастың қайдан келгені айтылды

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифинг кезінде жаңадан анықталған науқастардың қайдан келгенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифинг кезінде жаңадан анықталған науқастардың қайдан келгенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 82 жағдайы тіркелді. Оның ішінде жеті адам стационардан емделіп, 14 күн карантинге жатып шықты. Олардың қатарында: төрт ер адам, екі әйел және бір бала бар. Бүгінде қалалық жұқпалы аурулар ауруханаларында барлығы 76 пациент коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 2-і бала", - деді Тілеухан Әбілдаев.

Ал бүгін анықталған 9 адам Алматыға халықаралық рейстермен келген.

"Жаңадан анықталған тоғыз адамның барлығы басқа жақтан келген адамдар. 30 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен бес адам ұшып келді. Алтыншы пациент 29 наурызда Минск-Алматы рейсімен және осы айдың әр күндері Дубайдан үш адам ұшып келді. Бүгінде провизорлық орталықтарда 697 адам карантинде жатыр, оның ішінде - 84 бала, екі күндік карантинде 1029 азамат және 3 156 адам үй карантинінде жатыр ", - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 325-ке жетті. 22 адам айығып, екі адам қайтыс болған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети