РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 июля 2019 | 19:30

Алматыда қарулы топ ұсталды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне кімдер кіреді - Басты жаңалықтар

ПОДЕЛИТЬСЯ

17 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамын бекітті. Сондай-ақ бүгін Арыста 1360 үй толық жөндеуден өткені хабарланды. Ал Димаш Құдайберген тыңдармандарына жаңа әнін ұсынды. Tengrinews.kz тілшісі күннің басты жаңалықтарына шолу жасады. 


17 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамын бекітті. Сондай-ақ бүгін Арыста 1360 үй толық жөндеуден өткені хабарланды. Ал Димаш Құдайберген тыңдармандарына жаңа әнін ұсынды. Tengrinews.kz тілшісі күннің басты жаңалықтарына шолу жасады. 

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына кімдер енді?

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган қызметін атқарады. Кеңестің міндеті - маңызды стратегиялық проблемаларды қарау, жұртшылықтың, саяси партиялардың және басқа да ұйымдардың өкілдерімен сындарлы диалогты қамтамасыз ету. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережелері мен міндеттерін мына сілтемеден оқи аласыздар. 

Кеңестің құрамына Қасым Жомарт Тоқаев (төраға), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қырымбек Көшербаев (төраға орынбасары) пен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин (хатшы) енді. Сонымен қатар, кеңестің мүшесі ретінде бірнеше бекітілді. Олардың ішінде Бекболат Тілеуханов, Мұрат Әбенов, Асхат Садырбай секілді танымал адамдар бар. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы мен мүшелерін мына сілтемеден оқи аласыздар. 

Алматыда қаруланған бір топ адам ұсталды

Алматыда полицейлер арнайы операция кезінде кәнігі қылмыскерлер тобынан граната, тапанша және пышақ тәркіледі. Қазір ұсталғандар қамауға алынған, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

"Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында жедел ақпаратқа сәйкес Алматы қаласының аумағында атыс қаруын заңсыз сақтаумен және өткізумен айналысатын адамдар анықталды. Кеше Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының 32-ден 35 жасқа дейінгі төрт тұрғыны бұрын зорлау, алаяқтық, құжаттарды қолдан жасау, атыс қаруын сақтау және өткізу, қарақшылық шабуыл жасау, адам өлімімен аяқталған ауыр дене жарақатын салу және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену үшін сотты болған азаматтарды ұстады. 

Аталған азаматтарға қатысты өткен күні тергеу соты санкциялаған тінту іс-шаралары өткізілді, соның нәтижесінде заңсыз айналымнан РГД-5 гранатасы, тапанша, оған төрт оқ және пышақ тәркіленді. Заттай айғақтарға баллистикалық және дактилоскопиялық сараптамалар тағайындалды", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Арыста 1360 үй толық жөндеуден өтті


Арыста жөндеуден өткен үй. © Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Арыс қаласында 1360 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Жұмыстар әлі жеке тұрғын үй құрылысы және көпқабатты тұрғын үйлер бойынша 4664 нысанда жүргізіліп жатыр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, Арыс қаласының тұрғын үй қорын қалпына келтіруге 213 компания тартылған. Қала 17 секторға бөлінген, онда 6 542 құрылысшы және 252 арнайы техника жұмыс істейді. Жұмыс күндіз де және түнде де жүргізілуде. Тағы да 1840 құрылысшы әлеуметтік нысанды қалпына келтіріліп жатыр.

Ұлттық университеттердің ректорын енді Президент тағайындамайды

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық университеттердің ректорларын тағайындау процедурасының ауысатыны туралы айтты. 

Президент ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкіметтің қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырғанын мәлімдеді. Енді Президент ұлттық университеттердің ректорын тағайындамайды.

 

Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа автожол ашылды

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барып, өзбек әріптесі Абдулла Ариповпен бірге "Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан шекарасы" бағытындағы автокөлік жолының ашылуына қатысты.

ҚР Үкіметінің басшысы "Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан Республикасының шекарасы" халықаралық автомобиль жолында қозғалыстың ашылу рәсімімен құттықтап, бұл айтулы оқиғаның Орталық Азияның көлік инфрақұрылымының дамуына, сауда-саттық көлемінің артуына, транзиттік әлеуетін іске асыруға серпін беретінін атап өтті.

Сонымен қатар, премьер-министр Маңғыстау облысындағы сапары барысында жаңа ықшам аудандарды сумен, жылумен, газбен, электрмен қамтамсыз ету үшін инженерлік желілерді салу бойынша жобалармен танысты. 

Сағынтаев қала мәслихатының басты міндеттерін айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың табыс деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыру үшін жүзеге асырылуға тиіс кезек күттірмейтін міндеттер мен бағыттар бойынша ой-пікірін ортаға салды. Бұл пікірін ол қала мәслихаты тұрақты комиссияларының алғашқы бірлескен отырысында айтқан. 

"Басты міндеттер: лайықты жалақысы бар жұмыс орындарын ашу, бірінші кезекте қажет азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз өсіруге жол бермеу. Ықпал ету тетіктерін жете анықтау үшін баға қою ісіне терең сараптама жүргізуді тапсырдым. Коммуналдық қызметтер тарифтері де қатаң бақылауда. Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту, экология мен денсаулық сақтау мәселелері басты назарда", - деп жазды қала басшысы Facebook желісіндегі парақшасында.

Зеленский бір күнде 22 шенеунікті қызметтен босатты


Украина президенті Владимир Зеленский © РИА Новости

Украина президенті Владимир Зеленский 22 лауазымды тұлғаны, оның ішінде аудан әкімшіліктерінің басшыларын жұмыстан босатуға тапсырма берді.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, лауазымды тұлғалардың қызметін тоқтатуы Украина экс-президенті Петр Порошенконың өкілеттігінің аяқталуымен байланысты. Қызметінен босатылғандардың қатарында Оболон, Хмельниц, Харьков және Печерский облыстарының әкімшілік басшылары бар. 

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бұдан бөлек Зелинский бұған дейін Украинаның шет елдегі 12 елшісін ауыстырған.

Головкиннің келесі қарсыласы

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, жақында ғана орта салмақта WBA белбеуін қайтарып алған Риота Мурата дивизион көшбасшысы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге ниетті. Бұл туралы жапон боксшысының промоутері Боб Арум айтты.

Арумның айтуынша, Мурата орта салмақта мегафайт өткізуді қалайды, сондықтан келесі қарсыласын таба алмай жүрген Головкин және мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

Мурата 12 шілдеде америкалық Роб Брантты нокаутпен жеңіп, WBA белбеуін қайтарып алған болатын. Осылайша, жапон боксшысы былтыр күзде Брантта кеткен есесін қайтарды - ол кезде америкалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.

Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарық көрді

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген тыңдармандарына жаңа әнін ұсынды. Желіде қазақстандық әншінің орындауындағы жаңа композиция жарық көрді.

Couldn't Leave ("Кете алмадым") композиция Желіде 17 шілдеде түнгі уақытта пайда болды. Ән - жаңа сериалдың саундтрегі.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети