РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 апреля 2021 | 12:32

Алматыда қанша адамнан ұлыбританиялық штамм табылғаны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: ©Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қанша адамнан коронавирустың ұлыбританиялық штамы анықталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қанша адамнан коронавирустың ұлыбританиялық штамы анықталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз ұлыбританиялық штамды анықтау үшін 40 ПТР-тест өткіздік. Оны тексеру үшін арнайы реактив керек. 40 тесттің 78 пайызы ұлыбританиялық штамм деп шықты. Яғни 40-ы тексерілді, соның 32-сі ұлыбританиялық штамм болды", - деді әкім Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте. 

Еске салайық, бұған дейін қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда екі сынамада ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық штамм анықталғанын хабарлаған болатын. 

"Өткен аптада штамдарды анықтап, қалада жиналған сынамалардан өзгеріс табылды. Өзгеріс үш штамға байланысты: ұлыбританиялық, бразилиялық және оңтүстікафрикалық. Олар қаладағы екі зертханада қосымша зерттелді. Сол зертхана арқылы екі сынамада ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық штамм анықталды. Сондықтан бүгінде қандай штамдар айналымда жүріп жатқанын білеміз. Сол штамдарға байланысты біз арнайы, күшейтілген шектеу шараларын қабылдадық", - деген еді ол Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети