РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
23 июня 2021 | 15:38

Алматыда қандай штамдар табылды? Ең маңызды сұрақтардың жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев© Фото: Әлихан Сариев©

Алматыда коронавирустың үнді штамы табылды деген қауіп анықталды. Бүгін өңірдің бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин осы жағдайға байланысты брифинг өткізіп, басты сауалдарға жауап берді. Tengrinews.kz тілшісі үнді штамына байланысты туындаған маңызды сұрақтардың жауабын ұсынады.


Алматыда коронавирустың үнді штамы табылды деген қауіп анықталды. Бүгін өңірдің бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин осы жағдайға байланысты брифинг өткізіп, басты сауалдарға жауап берді. Tengrinews.kz тілшісі үнді штамына байланысты туындаған маңызды сұрақтардың жауабын ұсынады.

Алматыда қандай штамдар анықталды?

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері үнді штамының болу қаупі екі рет тексерілгенін айтты. Одан бөлек, басқа да штамдар да анықталған. 

"Өткен аптадан бастап мутацияға реактивтер келіп, нақты зерттеулер жүргізіп жатырмыз. 63 ПТР-тестін тексердік, олардың 83 пайызы ұлыбританиялық штамм, екеуінде оңтүстікафрикалық штамм анықталды. Біреуінен Нью-Йорк штамы табылды. Кеше кешкісін тағы бір сынамада дельта штамы (үнді штамы) болуы мүмкін екені анықталды, бүгін таңертең қайта зерттеу жүргізілді, бұл сынамада шынымен мутацияланған штамм болуы мүмкін", - деді Жандарбек Бекшин.

QazVac пен "Спутник V" үнді штамынан қорғай ма?

Қорғайды. Жандарбек Бекшин осылай жауап берді. 

"Құрастырушыларымыздың айтуынша, QazVac және "Спутник V" Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растаған барлық белгілі штамнан, соның ішінде үнді штамынан қорғайды", - деді Бекшин.

Штамдарды анықтау үшін қанша қаражат кетеді?

Бекшиннің айтуынша, Алматыда үнді штамын растау қызметіне сегіз миллион теңге жұмсалады. 

"Секвенирлеу өте қымбат зерттеу. Мен секвенатордың 48 сағаттық жұмысына барлық реактив, сынама және басқалары жұмсалатынын айтқанмын. Оның жұмысы 8 миллион теңгеге бағаланады. Sequens кесу үшін жасалады, қазір біз штамды ПТР скринингімен анықтадық, ал дәлірек ақпарат алу үшін секвенирлеу жүргізу керек. Ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық штамдар да сәуірде осымен расталған. Бұл штамм (үнді) Алматы мен Нұр-Сұлтанда алғаш рет анықталып отыр, оны растау үшін секвенирлеу жүргізу қажет. Біз, сондай-ақ, алғаш рет табылған "Нью-Йорк" штамын секвенирлеуге жібердік", - деді Бекшин.

Алматыға үнді штамы қалай келді?

Бекшиннің айтуынша, үнді штамын 1984 жылғы азаматша шет елден әкелген.

"Оның айналасындағы 7 адамды зерттеуге алдық, олар оқшауланды. Бұл отбасында үш адам бар, біреуі бала - 7 жаста. Оған кеше зерттеу жасадық, нәтижесі теріс болып шықты. Азаматша жұқпалы аурулар станционарында оқшаулауда, ем алып жатыр. 7 жастағы қызы да оқшауланды. Жақын қарым-қатынаста болған - бес адам. Отағасы іссапарда, ол ақпанда коронавируспен ауырып шыққан, сондықтан оған жұғу қаупі минималды. Сонда да біз оның жұмыс орнына бұл хабарды жеткіздік, ол да бақылауға алынды", - деді Бекшин.

Үнді штамы анықталған әйел Алматының қай жерлерінде болған?

Бекшин үнді штамын жұқтырған әйелдің үй шаруасындағы адам екенін, еш жерде жұмыс істемеген соң айтарлықтай көп адаммен байланыста болмағанын айтты. Оның сөзінше, үнді штамы табылған кезде әйел үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.

"Ол екі базарға барған және үй жағына жақын дүкенде болған. Ол осы дүкенде не екі құрылыс базарының бірінде вирус жұқтыруы да мүмкін", - деді Бекшин.  

Үнді штамының симптомдары қандай?

Жандарбек Бекшин коронавирустың үнді штамының симптомдарын атады.

"Шотландиялық әріптестердің дерегі бойынша, бұл өте жұқпалы вирус, ұлыбританиялық штамнан екі есе асып түседі. Клиникада осы штамм бойынша ауруханаға түсу, қайтыс болу ықтималдығы жоғары. Ерекшелігі - бұл штамға іш, буындардың қатты ауыруы, сондай-ақ есту қабілетін жоғалту секілді белгілер тән. Негізгі белгілер тұмауға ұқсайды - бас, тамақ ауруы, мұрыннан су ағуы және дене қызуының көтерілуі, бірақ иіс жоғалмайды, көп жағдайда жөтел болмайды. Міне, штамм симптомдарының ерекшелігі осы", - деді Бекшин.

Үндістанда "қара зең" тараған. Қазақстанда мұндай қауіп бар ма?

Қазір коронавируспен алысып жатқан Үндістанда "қара зең" тараған. Бұл - мұрын мен таңдайдағы инвазиялық шірік. 

Бекшиннің айтуынша, бұл аурудың алдын алудың бір ғана жолы бар. 

"Вакцина алып, жұқтырып алмау арқылы ғана алдын алуға болады. Қара және ақ зең де бұл аурудың асқынған түрлері", - деді Бекшин.

Үнді штамына байланысты карантин күшейе ме?

Карантин күшейтілуі мүмкін. Бекшиннің сөзінше, үнді штамына байланысты қалада жаңа шектеулер енгізілу ықтимал. 

"Қазіргі уақытта бүкіл жерде енгізіле бастайды. Бірақ біз Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысын күтіп отырмыз.

Бәріміз білеміз, 22 маусымда ведомствоаралық комиссия басшысы бас санитария дәрігерге халыққа қызмет көрсету саласындағы адамдарға міндетті вакцина салуға қатысты шара қабылдауды тапсырды", - деді Бекшин.

Алматыда "жасыл" аймақ режимі қашанға дейін сақталады?

Жандарбек Бекшин мегаполистің қайтадан "сары" аймаққа өту себебін түсіндірді. 

Санитарлық-эпидемиологиялық ведомство басшысының айтуынша, 16 маусымнан бастап вирус жұқтыру көрсеткіші 0,7-ден 0,96-ға дейін өскен.

"Бұл демалыс орындарына бару және тұрғындардың маска тағу режимін сақтамауынан, эпидемияға қарсы шараларды елемеуі салдарынан болды", – деді Бекшин.

Сондай-ақ, COVID-19 ауруының өсуінің негізгі себебі инфекцияның тез таралуына ықпал ететін мутацияланған штамдардың болуына байланысты екені айтылды.

"Сондықтан 22 маусымда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында Алматы тағы да "сары" аймаққа өтті. Жұқтыру көрсеткіші жоғары", - деді ол.

Жандарбек Бекшин эпидемиологиялық жағдай ушыққан жағдайда шектеу шараларын бақылау 5 күн ішінде жүргізілетінін айтты. Сондықтан Алматыда "жасыл" аймақ режимі тағы 5 күн, яғни 27 маусымға дейін сақталады.

Үнді штамына байланысты жаңа толқын болуы мүмкін бе?

Алматы әкімдігінің мәліметінше, эпидемиологтар "дельта" штамы анықталуына байланысты коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін екенін айтты. 

"Алматы эпидемиологтары қауіпті "дельта" штамының анықталуына байланысты коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Алматының коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық штабы қала тұрғындарын вакцинацияға, сондай-ақ маска тағу режимі мен әлеуметтік арақашықтықты, әсіресе адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда сақтауға шақырады", - деді әкімдіктегілер.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети