РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 апреля 2018 | 12:35

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған қызыл нөмірлі көлік кімге тиесілі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

ҚР СІМ өкілдері Алматыда жол ережесін өрескел бұзған дипломатиялық нөмірлі көлікке қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР СІМ өкілдері Алматыда жол ережесін өрескел бұзған дипломатиялық нөмірлі көлікке қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктің баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, видеодағы көліктің нөмірі Беларусьтің Қырғызстандағы елшілігіне тіркелген.

"Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған D 09 007 нөмірлі көлік түсірілген видеожазбаны тексердік. Көрсетілген мемлекеттік тіркеу нөмірі Қазақстанда берілмейді. Алайда мұндай нөмірдің Беларусьтің Қырғызстандағы елшілігіне тіркелгенін анықтадық. Бұл нөмір ақ түсті Hyundai маркалы көлікке тіркелген. Ал видеода "ВАЗ" автокөлігі көрсетілген. Ереже бұзған адамды анықтап, жауапқа тарту бойынша жедел шаралар жүргізуді сұрап, бұл мәліметті Алматы қалалық ІІД-ге жолдадық", - деп пікір білдірді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, министрлік өкілдері шетелдік дипломатиялық корпустың қандай да бір ережебұзушылығын, оның ішінде жол қозғалысы ережесін бұзуын құптамайтынын және әрдайым еліміздің заңнамасын сақтауы үшін жұмыс жүргізетінін айтып отыр.

Еске салайық, видеоны редакцияға жолдаған оқырманның айтуынша, оқиға Алматыда 17 сәуірде Әуезов - Жамбыл көшелерінің қиылысында болған. Роликте дипломатиялық нөмірлі Lada Largus көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолмен жүріп, оған қарсы келген көлік жүргізушісімен жанжалдасады. Кейін Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған адамның іздестіріліп жатқанын хабарлаған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети