РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
15 июня 2020 | 16:41

Алматыда жағдайы ауыр науқастардың саны артып барады

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Тұрар Қазанғапов Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласында коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскен жағдайы ауыр науқастардың саны өсіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласында коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскен жағдайы ауыр науқастардың саны өсіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 15 маусымда жалпы симптомдармен 3 013 жағдай және симптомдарсыз 813 жағдай тіркелген.

"8-14 маусым аралығында симптомдармен 209 жағдай, симптомдарсыз 616 жаңа жағдай тіркелді. Бір аптада 150 науқас емдеуден шығарылды. Жалпы емдеуден шығарылғандардың саны - 2056", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Қамалжан Надыров қауіпті індетпен көбінесе жастар аурып жатқанын атап өтті.

"Науқастардың жас ерекшелігіне тоқталсақ. Негізінде ауру жастар арасында басым. Мысалы, 20-29 жас - 36,8 пайыз, 30-39 жас - 18,9 пайыз. 60 жастан жоғары және одан егде жастағы адамдар - 8,1 пайыз", - деді басшы.

Сонымен қатар, ол бүгінде қаладағы жұқпалы ауруханаларда жалпы 1226 адам емделіп жатқанын жеткізді.

"Оның ішінде 57 бала бар. Емдеуге жатқызылғандар арасында 5 науқастың жағдайы өте ауыр, 36 науқастың жағдайы ауыр, ал 575 адамның жағдайы ауырлықтың орташа дәрежесінде. 584 адамның жағдайы қанағаттанарлық. Симптомдарсыз 55 адам бар", - деді ол.

Қамалжан Надыров жағдайы ауыр науқастардың саны өсіп жатқанын атап өтті.

"Өкінішке қарай, жағдайы ауыр науқастардың саны өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Соңғы аптада олардың 36-дан 62 адамға дейін өсті", - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, Алматыда 3113 адам коронавирус жұқтырған. 2056 науқас дертінен айықты, 10 адам қайтыс болды.

Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 14 809-ға жетті. 9 241 науқас жазылды, 77 адам аурудан көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети