РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
21 октября 2021 | 12:28

Алматыда эпиджағдай жақсарды ма? Бекшин жауабы

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews.kz Фото: Тengrinews.kz

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігер Жандарбек Бекшин қаладағы эпидахуал туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігер Жандарбек Бекшин қаладағы эпидахуал туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жыл басынан бері Алматыда коронавирус жұқтырудың 156 мың жағдайы тіркелді. Кейінгі тәулікте 309 жағдай болды. Дельта штамы шыққанда күніне 1700-ге дейін жағдай тіркелетін, қазір 300-350. Коронавирус таралуы базалық болжамға сәйкес инфекциялардың төмендеу динамикасында тұрақтануды жалғастырып жатыр. Аурудың төмендеу қарқыны сақталған жағдайда тәулігіне 300-ден кем жағдай болуы болжанады.

Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда бір апта бұрын 121-ден 113-ке дейін төмендеді. Ал тәулік өсімі 0,22-ден 0,18-ге төмендеді. Инфекциялық берілу индексі 0,9 деңгейінде сақталып отыр. Қазіргі таңда қалада иммундау көрсеткіші - 54 пайыз", - деді Бекшин брифингте.  

Алматының бас санитария дәрігер қалада вирус жұқтырғандардың ең көбі 20-39 жастағылар екенін айтты. Бұл бір аптада вирус жұқтырғандардың 28 пайызы.

Еске салайық, кейінгі тәулікте Қазақстан бойынша 1 844 адамнан коронавирус анықталды. Коронавирус пен пневмониядан тағы 41 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ, 21 қазандағы мәлімет бойынша 51 318 адам коронавирус инфекциясынан (44 971 КВИ+ және 6 347 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 8 851 пациент стационарда, 42 467 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети