27 марта 2020 | 17:27

Алматыда әлеуметтік төлем жүргізу үшін құжат қабылдау басталды

Рахила Тлеуова Корреспондент

Алматы қаласында төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз қалған тұлғаларға әлеуметтік төлем жүргізу үшін құжат қабылдау басталды. Бұл туралы Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы Almaty телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматы қаласында ТЖ енгізілуіне байланысты 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем жүргізу үшін құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлаймыз. Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар ережесіне сәйкес төленетін болады, - деді ведомство өкілі.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, спикер әлеуметтік төлем кімдерге жасалатынын айтты.

"Әлеуметтік төлем мына санаттағыларға беріледі: Біріншіден, микро және шағын бизнес кәсіпкерлеріне, жеке кәсіпкерлерге, орта кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын адамдар, оның ішінде нотариус, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар кіреді. Оған қосымша, бірыңғай жиынтық төлеушілер де бұл төлемге ұсыныс беруге мүдделі", - деді ол.

Еске салайық, елімізде төтенше жағдай езінде ақысыз еңбек демалысына кеткендер 42 000 теңге және жұмыссыз қалған тұлғалар айлығының 40 пайызын алады. Соңғы төлем 1-6 ай аралығында жүргізіледі.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 125-ке жетті. Бір адам қайтыс болды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram