19 октября 2023 | 06:30

Алматыда 1000-нан аса жас отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

Фото: Massaget.kz

Алматыда 1000-нан аса жас баспанасыз қалуы мүмкін. 2019 жылы "Сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасының" аясында 1050 жас баспаналы болған. 29 жасқа дейінгі жандарға осы уақыт ішінде тұрғын үй сатып алу немесе бастапқы жарнаны жинақтау ұсынылыпты. Алайда жастар "қымбатшылық қысқан заманда қаржы жинақтау мүмкін болмады" дейді. Оның үстіне араларында 5 жылда шаңырақ көтеріп, 3-4 баласы бар жас отбасыға айналғандары да жетерлік. Енді 29 жасқа дейінгі қыз-жігіттер сатып алу құқығынсыз берілген үйлерді жекешелендіріп беруді сұрайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Реклама
Реклама

Әбдіқадір Мөлдір 2019 жылы сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға баспана алғандардың бірі. Қазір 4 баласымен Саялы 2 ықшам ауданында тұрады. Басында жалдамалы үй болғандықтан көп балалы ана ретінде үй кезегіне тұра алмапты.

"Алматы жастары бағдарламасымен 2019 жылы жолдасым екеуіміз жалдамалы негізде үй алдық. Ол кезде баламыз болған жоқ. Қазір Аллаға шүкір 4 балам бар. Тапқан табысымыз балаларымыз бен тамағымыздан артылмайды. Жалдамалы үйде тұрғандықтан көп балалы ана ретінде үй кезегіне тұра алмадым. Бұл үйді тапсырған күннің өзінде біраз уақыт керек. Бар тілегіміз осы үйді бөліп төлеу құқығымен берсе дейміз", - дейді Мөлдір Әбдіқадір.

Үкіметтен тегін үй сұрап отырған ешкім жоқ. Жастар қазіргі тұрып жатқан үйлерін 10 пайыз алғашқы жарнамен, 5-7 пайыз жылдық үстемақымен берсе дейді.

"Осы тұрақталып, тамырымызды жайып, берекемізді өсіріп отырған үйімізді өзімізге оңтайлы бағдарламамен ипотекаға берсе. Тегін сұрап отырғанымыз жоқ. Себебі жеке компанияларда жұмыс істейтін жастарға арнайы бағдарлама жоқ. Баспанаға қол жеткізу кезінде мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін жастарға басымдылық берілген. Ал біз үшін тек 50\50 бағдарламасы бар. Қазір 1 бөлмелі баспана кемі 20 миллион теңге. Ал оның 50 пайызын жинап бітем дегенше үй бағасы шарықтап өсіп кетіп жатыр. Сол себепті бізге осы үйлерді 10 пайыз алғашқы жарнамен берсе екен", - дейді Шәрбән Жакупжанова.

Тұрғындардың сөзінше бір ғана Алматы қаласында 3000-нан аса жас жалдамалы баспаналарда тұрып жатыр. Олар бір бөлмелі пәтерге 11 мың теңге, 2 бөлмелі баспанаға 15-17 мың теңге салық төлейді екен. Ал коммуналдық төлем жазда 20 мыңнан, қыста тіпті 40-50 мыңға дейін жетеді дейді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram