РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 января 2024 | 10:53

Алматы облысының тұрғыны сатып алған жеріне тағы да ақша төлеуге мәжбүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы облысының тұрғыны редакциямызға жүгініп, 15 жыл бұрын өңір аумағынан жер сатып алғанын айтты. Алайда бұл кезде сатылған жер құжат бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер болған. Оның сөзінше, былтыр әкімдікке барып, жерді жеке қосалқы шаруашылық мақсатындағы жер ретінде ауыстырғысы келетінін айтқан. Алайда әкімдік өкілдері жерді енді мемлекеттен сатып алуы керек екенін жеткізген. Осылайша, өңір тұрғыны бір жерге екі рет ақша төлейтінін айтып, шағымданып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Тұрғынның сөзінше, әкімдікте оған әр сотық жерге 140 мың теңгеден төлеу керек екені айтылған.

"Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғынымын. 2012 жылы өз күшіммен жер сатып алдым. Алғанда жерім ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер болды. Бірақ қасында мектебі, балабақшасы, тұрғын үйлері болған соң, бәрібір болашақта ол жерде ауыл шаруашылығы жүргізілмей ауыл болып қалатынын көріп тұрған соң сатып алдым. 10 сотық жерді 5 миллион теңгеге сатып алдым. Одан бері жерімді жеке қосалқы шаруашылыққа (лпх - еск.) ауыстыруға ақшам болмады. Жақында Қарасай аудандық әкімдігіне барсам, "енді жерді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден жеке қосалқы шаруашылыққа (ЛПХ - еск.) ауыстыру үшін мемлекеттен сатып аласың" деп тұр. Яғни он сотық жеріме әр сотығына 140 мыңнан ақша төлейді екенмін. О баста да тегін алмағанмын, сатып алғанмын. Ал енді неге тағы сатып алуым керек? Ол мемлекеттің жері болса о баста жер иесі неге маған сатты? Бір жерді екі қайтара неге сатып алуым керек? Неге халықты қанай береді?", - дейді оқырман.

Бұл жағдай қаншалық заңды екенін анықтау мақсатында тиісті ведомствоға сауал жолданды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ресми сауалға берген жауабына сүйенсек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді басқа мақсатта пайдалануға, заңды тұрғыда өзгертуге жол берілмейді.

"ҚР Жер кодексінің 97-бабының 3-2-тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді жеке тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ шаруашылығы, саяжай құрылысы үшін өзгертуге жол берілмейді. Сондай-ақ, кодекстің 102-бабына сәйкес ҚР азаматтарына жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн жер учаскелерi ауылдық елді мекендердің жерінен берiледi", - деп жазылған ведомствоның Massaget.kz-ке жауабында.

Сондай-ақ, ведомство жауабында жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған жерге қатысты талаптар айтылған.

"Жеке қосалқы шаруашылықты жүргізуге арналған жер учаскесі үй маңындағы және егiстiк телiмдерден тұрады. Үй маңындағы телiм ауылдық елді мекендердің шекараларынан беріледі және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үй, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар тұрғызу үшін пайдаланылады", - деп жазылған ведомство мәліметінде.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети