РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
06 апреля 2018 | 10:54

Алматы облысында соққан дүлей жел тұрғындардың зәресін алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадрлар Видеодан кадрлар

Алматы облысы Алакөл ауданында 5 сәуірде болған дауыл жергілікті тұрғындарды шошытты, - деп хабалайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облысы Алакөл ауданында 5 сәуірде болған дауыл жергілікті тұрғындарды шошытты, - деп хабалайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алакөл ауданындағы Көктұма аулының тұрғындары судың қатты шайқалғанын айтады. Бізге хабарласқан Айнұр Құнанбаева атты жергілікті тұрғын отбасы үшін алаңдаған. 

"Мен өзім Достықта жүрмін (станция - автор.), жұмысым сонда. Көктұма ауылында анам, інім тұрады. Туған-туысқандарымның бәрі сонда. Кеше құрбым WhatsApp арқылы жіберді. Пойызбен Достыққа келген ауылдастарымыз желдің таңнан бастап соға бастағанын айтты. Жел кешкі төрттен кейін бірақ саябырлапты", - дейді Айнұр Құнанбаева. 

Сонымен қатар, WhatsApp мессенджері арқылы аударылып қалған жүк көлігінің видеосы таралып жатыр. Видеода ер адам көліктің желден төңкеріліп қалғанын айтады. Алайда Алакөл ауданы әкімдігінің ресми мәліметі бойынша, көлік жел салдарынан аударылмаған, өйткені ол аумақта желдің күші қалыптан тыс болмады. 

Ал "Қазгидромет" РМК өкілдерінің хабарлауынша, 2018 жылдың 5 сәуірінде Алматы облысында желдің күші секундына 23 метр жылдамдықпен соққан. 5 сәуірде сағат 12:00 шамасында Жалаңашкөл метеостанциясы маңында жел жылдамдығы секундына 38 метрге дейін жеткен. Жоңғар қақпасына мұндай жел тән екен, өйткені бұл анмомалды аймақ болып есептеледі. Бұл аймақта Қазақстан бойынша ең күшті жел соғады. 

Синоптиктер болжам жасағанда Алакөл аумағын бөлек белгілейді, қазан айның ортасынан сәуірдің ортасына дейін мұнда жел "маусымы". 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети