РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
21 октября 2020 | 09:07

"Алмадан бензин иісі шығады" - Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда коронавирус жұқтырып, аурудан жазылғандар саны 105 мыңнан асты. Кейбірі қазір аурудың салдары білінбейді десе, бәзбіреуі аурудан жазылғанымен, оның салдарынан құтыла алмай жүр екен. Дәлірек айтқанда, кейбірі күнделікті ішетін тамағынан иіс шығатынын айтады. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус жұқтырған қазақстандықтармен сөйлесіп, қазіргі жағдайын білді.


Қазақстанда коронавирус жұқтырып, аурудан жазылғандар саны 105 мыңнан асты. Кейбірі қазір аурудың салдары білінбейді десе, бәзбіреуі аурудан жазылғанымен, оның салдарынан құтыла алмай жүр екен. Дәлірек айтқанда, кейбірі күнделікті ішетін тамағынан иіс шығатынын айтады. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус жұқтырған қазақстандықтармен сөйлесіп, қазіргі жағдайын білді.

"Бұзылған тамақ жегенімді байқамаппын"

Астаналық Гүлмира Жүнісова биыл шілденің аяғында коронавирус жұқтырған. Екі апта бойы ауырып, тамызда аурудан толық айыққан.

"Шілде мен тамыз айларында ауырдым. Бұған дейін тасымалдаушы болдым, кейін иммунитетім төмендеп, вирус симптомдары қаттырақ біліне бастады. Басында қатты әлсіздік болды. Үйде ештеңе істемесем де, шаршап қаламын. Кейінгі үш күні иіс жоғалта бастадым, артынша дәм сезу қабілеті дежоғала бастады. Тек тым тәтті не ащы нәрселердің ғана дәмін ажырата алдым. Қалған тамақты мүлде сезбедім. Бір күні бұзылып кеткен тамақты жеп қойыппын, бірақ оның дәмін де, иісін де сезбедім. Бұзылғанын кейін білдім", - дейді ол.


© Reuters

Ол аурудан жазылу үшін арнайы дәрілер ішпеген, тек дәрумендер қолданыпты. Қазір вирустың салдары білінбейтінін айтады.

"Менде коронавирус симптомдары қатты білінбеді. Ентігу, дене қызуы дегендер болмады. Аурудан жазылуыма екі апта уақыт қажет болды. Ешқандай дәрі ішпедім, тек дәрумендер қолдандым", - дейді ол.

"Ең қиыны психологиялық тұрғыда болды"

Алматылық Айтжан Арсланқызы жазда ауырып алған. Кейін коронавирус жұқтырғанын біліпті.

"Шілденің басында коронавирус жұқтырдым. Сол кездері Қаскелеңдегі Халыққа қызмет көрсету орталығына барып жүргенмін. Мен барған кезде орталықта 200-ден аса адам жүретін. Көбінде маска жоқ, ара қашықтық сақталмайды. Вирусты сол жерде жұқтырдым деп ойлаймын. ХҚКО-дағы шаруаларым біткен соң келесі күні таңғы ас ішіп отырып, тамақтың дәмін сезбей қалдым. Кейін COVID-19 жұқтырғанымды білдім. Бір ай бойы ауырып, дәм мен иіс сезбедім", - дейді ол.


© Reuters 

Айтжанда вирустың симптомдары қатты білінбеген. Бірақ ең ауыры психологиялық тұрғыда болғанын айтады.

"Ауруханаға барып, дәрі ішіп, система қабылдап, бір айдың ішінде аурудан жазылдым. Қуанышыма орай, ешқандай асқыну болған жоқ. Маған ең қиын болғаны - психологиялық тұрғыда. Себебі бұл вирус туралы көп нәрсе белгісіз. Одан қашан жазылатыным, қандай дәрі ішуім керегін білген жоқпын. Оның үстіне, сол кезде коронавирустан адам өлімі де көп тіркеліп жатты", - дейді Айтжан.

Қазір оның жағдайы жақсы. Иіс пен дәм оралғанын айтады.

"Ұлымды иіскей алмаймын"

Қазір коронавирус жұқтырып, аурудан жазылған кей адам вирустың салдары пайда болғанын айтады. Дәлірек айтқанда, қазір кез келген тамақтың иісі сасық болып сезіледі екен.

Ақтөбелік Әсем (тегін жазбауды сұрады - авт. еск.) де шілденің басында коронавирус жұқтырған. Өзінің айтуынша, әлсіздік пен құрғақ жөтел болып, терісі ауырған екен.  

"Мен шілденің басында коронавирус жұқтырдым. Дәл эпидемия шарықтап тұрған шақта. Күйеуім вахтадан енді келген, ол жақта да өршіп тұрған. Мен жарымнан жұқтырдым деп ойлаймын. Алдымен 2 жасар ұлым ауырып қалды, бірақ жеңіл формада. Содан кейін күйеуім ауыра бастады. Температурасы көтеріліп, денесі ауырсыну болды. Бір қызығы, оның көзі де ауырды. Мен орташа ауырлық дәрежесінде болдым. Менің терім қатты ауырады. Әлсіздік, құрғақ жөтел болды. Иіс пен дәм бірден жоғалды. Бір апта бойы басымды көтере алмадым. Дәрі-дәрмек әрең табылды. Дәріханаларда кезектер үлкен болды, күтіп тұруға тура келді. Бұл күй 10 күнге созылды, содан кейін жағдайым біртіндеп жақсара бастады. 10 күн бойы дене қызуым 37-37,3 градус болды", - дейді ақтөбелік тұрғын.


© Reuters 

Аурудан жазылса да, Әсем жаңа мәселеге тап болған. Енді ол тамақтардан жаман иіс шығатынын айтады.

"Аурудан жазылғаннан кейін дәм мен иіс әлі оралмады. Керісінше, бір айдан кейін иістердің бұрмаланғанын байқай бастадым. Кез келген тұрмыстық химия, парфюмерия, тіпті алма, қысқаша айтқанда, тәтті хош иісі бар зат ацетон мен бензиннің иісіне айналды. Жақында сүт өнімдерінен шірік иіс шыға бастады. Бұрын жақсы көргеннің ешқайсын жей алмаймын. Дәрумендер іштім. Бірақ нәтиже жоқ. Ұлымды сүйемін, бірақ өз баламның иісін сезе алмаймын. Бұрын иісті ит сияқты сеземін дейтінмін, қазір оның жартысы да жоқ", - дейді ол.

Әсем қазір өзін жақсы сезінетінін айтады.

"Тек тамақтанудан ләззат ала алмаймын. Бірақ күйеуімнің иіс пен дәм сезуі бір аптадан кейін қалпына келді. Сондықтан, ол бұл тұрғыда мені мүлде түсінбейді", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети