05 марта 2020 | 11:35

Әлихан Бөкейхан патшалыққа неге қарсы болған?

Бүгін көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда өкіметінің төрағасы, публицист, ғалым Әлихан Бөкейханның туған күні. Ол бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында туған. Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда өкіметінің төрағасы, публицист, ғалым Әлихан Бөкейханның туған күні. Ол бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында туған. Tengrinews.kz тілшісі.

Арғы тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын Әлихан Бөкейхан 1866 жылы 5 наурызда туған. Әлиханның тегі алғашында "Нұрмұхамедов" болған деп көрсетіледі, кейіннен жоғарғы оқу орнының соңғы курсында ол өз қалауымен тегін "Бөкейхан" деп өзгерткен.

Реклама
Реклама

Әлихан Бөкейханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға берген. Бірақ Әлихан молдадан оқығандардан гөрі сондағы мектепте оқып жүргендердің сауатты екенін аңғарып, қаладағы үш сыныптық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып кеткен. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыған. 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша тәмамдап шыққан.

Сөйтіп, ол 20 жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 жылы Ресей империясының астанасы Санкт-Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелерінің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады.

1905 жылдың күзде Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан Ресей патшалығына 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланады. Алайда ол дума жұмысына қатыса алмады. Себебі, дала өлкесінің генерал-губернаторының негізсіз айыптауымен 3 ай Павлодар абақтасына жабылады. 

Әлиханды екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керегін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.

Алаш Орда үкіметі

Әлихан Бөкейхан - XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласындағы ұлт-азаттық "Алаш" қозғалысының негізін қалаушы әрі жетекшісі. Ол 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады.

Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады.

Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 жылдың желтоқсанында Екінші жалпықазақ съезі Алаш автономиясы жарияланып, Әлихан Бөкейхан алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.

1919 жылдан большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Әлихан қалған өмірін ғылыми зерттеуге арнады. Бірақ, интернационалист белсенділердің кесірінен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрмеге қамалады.

Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылып, беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпайды. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайта тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен Мәскеуде ату жазасына кеседі.


Әлихан Бөкейханның қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы және ату жазасы орындалатын күніндегі суреті

Артынша 1989 жылы 14 мамырда КСРО Жоғары сотының қаулысы бойынша, Әлихан Бөкейхан ісі бойынша қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақталды. Әлиханның қабірі қайда екені туралы мәлімет тек 2007 жылы жария етілді. Ол Мәскеудегі Дон бауырластар зиратына көмілген.

Әлихан Бөкейхан Яков Севостьяновтың қызы Ольгаға үйленген. 1903 жылы қызы Елизавета, ал 1910 жылы ұлы Өкітай дүниеге келеді. Бөкейханның қызы Смағұл Сәдуақасовқа тұрмысқа шыққан. 1957 жылы ұлы Өкітай жұмбақ жағдайда өмірден озған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram